Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ

        Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.
        Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін бірқатар шараларды қабылдауда. Солардың бірі, Президенттің Жарлығымен айқындалған  Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мектеп пен жоғарғы оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын көздейді.  Онда, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізіледі.
        Бұл дегеніміз -оқушылардың мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ олардың қарім-қабілетін, білімі мен біліктілігін дамыту, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, мемлекеттік қызметтің қыр сырын түсіндіру.  Өз кезегінде, Департамент Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларына  мемлекеттік қызмет саласында өткізілетін кездесу, форум, «Ашық есік күні» іс-шараларына қатыстырып,  бірлесе жұмыстар жүргізуде.
        Бұдан басқа, Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттерінен құралған Департамент жанындағы «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің тыңдаушыларына бүгінгі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен негізгі жұмыс бағыттары түсіндірілуде.   Бұл – білімді жастардың дағдыларын дамыта отырып, оларды мемлекеттік қызметке тартудың бірден бір тәсілі.
        Қазіргі уақытта, осы мектептің 10 тыңдаушысы орталық, облыстық және қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда. Яғни, кешегі студенттер бүгінгі мемлекеттік қызметтегі әріптесімізге айналып отыр.  Жалпы, білімге құштарлық әрқашан біздің халқымызға тән қасиет. Бүгінгі білімді жас – ертеңгі кәсіби білікті маман. Сондықтан, мемлекет білімді,  талапты жастарға  үлкен үміт артатыны анық.
       Осы тұста, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізіліп, жастардың мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдеді.   Соның бірі, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын жақсы бағамен аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары)бір жыл ішінде аудан, ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасуы. Осы мүмкіндіктіпайдаланып республикада – 442,облыста – 35 түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды. Бұл өз кезегінде білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан, ауылдарға  оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп отыр.
       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірге келген іс-сапарында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» – деп айтқан болатын.  Осы орайда, дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне араластыру мақсатында, Агенттік 2019, 2021, 2023 жылдары Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді.
      Нәтижесінде, 400 адам резервке алынып,бүгінде оның  300-ден астамы мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторларда басшылық лауазымдарда қызмет етуде. Сол сияқты, білімді жастардың пулын қалыптастыру бойынша 2024 жылы алғаш рет Өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Оған облысымызданиет білдірген 600-ден астам адамдардың арасынан 30 адам резервшілер тізіміне ілікті.
       Айта кету қажет, түрлі салаларда еңбек еткен резервшілерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу немесе мемлекеттік қызметте одан әрі ілгерілеу бойынша заңнамаларда ерекше мүмкіндіктер берілген.  Осы мүмкіндікті пайдаланған 9 резервші облыстық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда еңбек етуде.   Жалпы, кадр резервіне іріктеудің мақсаты – талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
       Қорыта келе, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылатындықтан, олар жаңа идеялармен, белсенділікпен ерекшеленеді және өздерінің күш-жігерін қоғамның дамуына арнауы тиіс. Сондықтан, жастардың әлеуетін дұрыс пайдалану арқылы қоғамды жақсартуға, болашаққа деген сенімді арттыруға болады.  Осы орайда, елдің дамуына әрбір жастыңөз үлесін қосуы үшін,  жастардымемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырамын.
Абылайхан НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің   
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БІРЛЕСТІГІМІЗДЕ МАҚТАНАРЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК

Жалпы білім пәндер бойынша ...

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

       Археологиялык ...

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...