Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҚС МӨЛШЕРЛЕМЕСІНІҢ АРТУЫ БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚҚС МӨЛШЕРЛЕМЕСІНІҢ АРТУЫ БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

ҚҚС МӨЛШЕРЛЕМЕСІНІҢ АРТУЫ БАҒАНЫҢ ӨСУІНЕ ӘСЕР ЕТЕ МЕ?

           Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаныңкүрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай өсу қаупі минималды. Себебін түсіндірейік.
         ҚҚС шегін төмендету бағаның өсуін теңестіруге көмектеседі
         ҚҚС төлеуші компаниялар өздері сияқты басқа ҚҚС төлеушілермен жұмыс істеуді көздейді, өйткені бұл оларға бюджетке төленетін салық сомасын азайтуға мүмкіндік береді. Егер ҚҚС төлеуші компания басқа ҚҚС төлеушіден тауар немесе қызмет сатып алса, ол төленген ҚҚС-ын есепке ала алады, нәтижесінде оның салықтық жүктемесі азаяды. Осылайша ҚҚС төлеушілер арасындағы жүктеменің бөлінуі бағаға деген қысымды азайтады.
          Еңбекақы қорына түсетін жүктемені азайту арқылы теңгерім сақталады
         Үкімет ҚҚС мөлшерлемесінің өсу ықпалын азайту үшін еңбекақы қорына түсетін жүктемені төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл шамамен тауар бағасының 40%-ын құрайды. Еңбекақы қорына түсетін жүктеменің азаюыбағаның қымбаттау қаупін төмендетеді.
        Ауыл шаруашылығы саласындағы салықтық жеңілдіктер сақталады
        Қазір елімізде түрлі салаларға арналған салықтық ынталандырулар бар және олардың көбі өзгеріссіз қалады. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласындағы жеңілдіктер сақталады, бұл отандық азық-түлік бағасының қатты қымбаттауына жол бермейді.
         Осылайша ҚҚС мөлшерлемесінің болжамды өсуінің әсері жеңілдететін факторлармен өтеді, сондықтан бұл жалпы бағаның едәуір өсуіне әсер етпеуі тиіс.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

БІРЛЕСТІГІМІЗДЕ МАҚТАНАРЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК

Жалпы білім пәндер бойынша ...

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

       Археологиялык ...

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...