SMART-ПЕДАГОГ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
06/02/2025
13 Views
Білім беру саласы үнемі дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Осыған орай, мектебімізде «SMART-педагог деген кім?» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ебеков коучинг сабақты алғашқы болып өтті. Бұл шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және заманауи оқыту әдістерімен таныстыруға бағытталды.

Осы коучинг-сабақ педагогтерге жаңа білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынды. Себебі, SMART-педагогика – қазіргі заман мұғалімдерінің басты бағытына айналып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектесетіні сөзсіз. Коучинг-сабақ барысында мұғалімдер, SMART-педагогтың негізгі ерекшеліктерін талқылап, оның қазіргі білім беру жүйесіндегі рөлін қарастырды. Ол – жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытатын маман болып табылады. Мұндай педагог тек білім беріп қана қоймай, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды өз бетінше білім алуға ынталандырады.
Шара барысында қатысушылар инновациялық оқыту әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Интерактивті тапсырмалар мен практикалық жаттығулар мұғалімдердің сабақ үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесті. Сонымен қатар, қатысушылар бірлескен жұмыс арқылы жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби дамуға жаңа серпін алды.
Мен осы жобаға жетекшілік етуші мектеп координаторы ретінде осы «SMART педагог» жобасына жетекшілік етудемін. Өз ісінің білікті маманы әрі жаңашыл педагог ретінде білім беру жүйесінде заманауи технологияларды қолдану — қазіргі заманның басты талаптарының бірі екенін жақсы білемін. Осы бағытта Қазақстанның мектептері цифрлық білім беруді дамытып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуда. Себебі, бұл жоба оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи білім берудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған.
«SMART педагог» жобасының мақсаты – мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалануды үйрету. Бұл жоба аясында мұғалімдер цифрлық платформаларды қолдануды, инновациялық оқыту әдістерін меңгеріп, оқушыларға интерактивті әрі қызықты сабақтар өткізуге мүмкіндік алады. «SMART педагог» жобасы білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Біз оқыту процесінде технологиялық құралдарды белсенді қолдануды үйрендік. Жоба мұғалімдерге тек цифрлық дағдыларды үйретіп қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін де арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар да бұл өзгерістерді оң қабылдап, оқу үрдісіне белсенді қатысуда. Осы білімдерді нықтау мақсатында менің жетекшілігіммен мектепте бірнеше маңызды шаралар ұйымдастырылып, педагогтардың жаңа форматтағы оқыту әдістерін тез меңгеруіне ықпал етуші арнайы тренингтер мен шеберлік сабақтары өткізілді.
Нигора НУРМАТОВА,
“М.Шоқай атындағы №26 ЖББМ” КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.
2025-02-06