Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

         Жетісай ауданында тұрғындар арасында «Жұмысшы мамандықтары жылы» мен ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік гранттар туралы ақпараттандыру, NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
         200-ден астам азамат қатысқан жәрмеңкеде Жетісай ауданы аумағында орналасқан 22 мекемеден 173 бос жұмыс орнындары ұсынылып, мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар берілді.
         Жетісай аудандық «Мансап» орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков пен жұмыс беруші мекеме басшылары мен кадр мамандары қатысқан жәрмеңкеде жұмыссыздар санатында тіркелген 45 азамат тұрақты жұмысқа, 23 азамат қоғамдық жұмыстарға, 58 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 5 азамат жастар практикасымен сұранысқа сай тиісті мекемелерге жіберілді.
         Сонымен қатар, жәрмеңке барысында Жетісай аудандық «Мансап» орталығы мамандары тарапынан ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «Күміс жас», «Ақылы қоғамдық жұмыс орындары», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бағдарламалары, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы негізгі бағыттары мен ауылдық жерлердегі қоғамның қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму мен мансаптық өсуге қажетті мүмкіндіктер мен еңбек құқықтары бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...

ТОЗАҢДАНУ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНУ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...

ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАҢЫЗЫ. ТОЗАҢДАНУ ТҮРЛЕРІ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...