Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

          Дене шынықтыру – тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар нәтижесінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді.
           Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі – физкультура мен спорттық жаттығулар арқылы жасалады.  Сол себепті де жас кезінен физкультура мен спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшық еттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.
       Дене тәрбиесі жаттығулары – адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл-қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әртүрлі.
                  Адам организмінде 15-20 жастан кейін жас ерекшеліктеріне байланысты қозғалыс амплитудасы азаяды, бәсең икемділіктің көбеюі 9-10 жаста, белсенді 10-14 жаста байқалады. 15-17 жас икемділікті жетілдірудің ең соңғы шегі. Қыз балалардың буындарындағы жылжымалылық, ер балаларға қарағанда 20-30 процент көп, сондықтан күш түсіруді оларға көбірек беруге болады. Сабақ барысында осындай ерекшеліктерді де есте ұстап, организмді  сауықтыру үшін пайдаланылатын қимыл жүктемелері бойынша медициналық ұсынылымдарды қолдану керек.
               Қорыта айтар болсақ, жаттықтыру бағдарламалары – жаяу жүру, жүгіру, велосипед тебу, суда жүзу, бір орында тұрып жүгіру, спорттық ойындар ойнау сияқты жаттығулар адам организмінің физиологиялық негіздерге сүйене, сауатты жүргізілсе ғана пайдалы болмақ.
Ниязов Амир Таиржанович,
 «Баяндай   негізгі орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Баяндай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

        ...

ТОЗАҢДАНУ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНУ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...

ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАҢЫЗЫ. ТОЗАҢДАНУ ТҮРЛЕРІ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...