Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        Мектеп қабырғасында өскелең ұрпаққа информатика пәнін тереңдете оқыту – олардың ақпараттық технологиялар саласына қатысты танымдық деңгейлерін жан-жақты арттыруға зор мүмкіндіктер береді.
        Орта мектепте информатиканы оқыту барысында, бірінші кезекте – оқушылардың информатиканың пән ретінде маңыздылығын, сондай-ақ сол саланың нақты сипаттамасын, оның мақсаттарын білуі ерекше маңызға ие. Қазіргі күні интернет, әлеуметтік желілер, блогтар, электронды кітапханалар, электронды кітаптар және сандық аудио-видео фотосуреттер, ұялы телефондар, жедел хабар алмасу құралдары (Уатсап, Вайбер), IP-телефония, қалта компьютерлері және коммуникаторлар,  қазіргі мектеп оқушысы үшін қалыпты құбылыс секілді көрінеді. Алайда, осындай биік жетістіктер үшін әлемде күн сайын қаншама жұмыстар жүзеге асырылып жатқанын олар сезе бермейді.
        Информатика пәнін өтіп жатқанда оның бүгінде бүкіл ақпараттық қоғамды айқындаушы күшке айналғанын естен шығармауымыз керек. Сонда ғана оқушылар информатиканың – тек ғана пән немесе процестер емес, сондай-ақ, олардың автоматтандыру,  цифрлық технологияларды құру және онымен жұмыс істеу құралдары мен технологиялар туралы ғылым екенін түсінер еді.  Бұл бағытта оларға қажетті жолды сілтеуші тұлға – информатика пәнінің мұғалімі болып табылады. Сонымен бірге, ол оқушылардың информатика әлеміндегі шығармашылық қиялындарын қажетті бағытқа туралаушы да.
          Қорыта айтар болсақ, қоғамды ақпараттандыру – қазіргі өркениеттің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ал  информатика пәні – жас буынға сол өркениетте адаспауы үшін қажетті қадамдар жасап, қоғамды одан әрі дамытуға сеп болушы «алғашқы қадамның» қызметін атқара алады.
Идилов Каримжан Маратжанович,
«Баяндай негізгі орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі.
 Баяндай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

        ...

ТОЗАҢДАНУ ЖӘНЕ ҰРЫҚТАНУ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...

ГҮЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАҢЫЗЫ. ТОЗАҢДАНУ ТҮРЛЕРІ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу ...