АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Руханият
14/02/2025
9 Views
Археологиялык ескерткіштердің түрі көп. Оларды: қоныстар, жерлеу орындары, адамдардың іс-әрекетіне, шаруашылығына қатысты орындар, рухани дүние ескерткіштері және т.б. топтарға бөлуге болады.
Қоныстар. Ежелгі адамдардың уақытша не ұзақ мерзімді қоныстанган жері қоныс деп аталады. Қоныстар пайдаланылған, салынған уақытына жне қүрылысына қарай тұрақ, елді мекен жне қала болып бөлінеді. Тұрақтар. Түрақ деп алғашқы қоғам адамдарының уақытша не үзақ уақыт түрақтаған, мдени қабаты бар, бірақ, қолдан салынған күрделі қүрылысы жоқ орындар аталады. Адамдар тұрақ ретінде үңгір, қалқа, апандарды пайдаланған. Пайдаланылған уақытына қарай: олар төменгі ерте тас (Бөрікдзған, Шоқтас, Қоскорған); жоғарғы ерте тас (Ащысай, Үшбас); жаңа тас ғасыры (Қараүңгір, Ш.Улиханов) тұрақтары болып бөлінеді.
Елді мекендер. Алғашқы қоғам дамуының келесі кезеңдерінде табиғат жағдайы тіршілікке қолайлы жерлерде адамдардың қолымен салынған үйлер (кұрылыстар) – еллі мекендер кеңінен тарала бастаған. Мысалы: мыстас (Ботай), қола ғасыры (Қанай), ерте темір ғасыры (Ақтас), ортағасырлық (Бабата, Құлантөбе (3-сурет) Құмбүлақ) елді мекендері. Түрақ пен мекендерде бекініс болмайды.
Қалалар. Елді мекендермен қатар жер бедері қорғанысқа қолайлы өзен, көл, теңіз жағаларында, мүйістерде, өткелдердің басында, тау шатқалдарында, оларға кіре (шыға) берісте, керуен жолдарының бойында қалалар салына бастаған. Қалалардың түрақ пен елді мекеннен басты айырмашылығы сонда, оны қоршаған қамал, ор және т.б. қорғаныс қүрылыстары болады. Қалалар салынған, өмір сүрген уақытына қарай ежелгі (антикалық) калалар (Шырық рабат, Алтын асар), ерте ортағасырлық қалалар (Ақтөбе, Күлтөбе), ортағасырлық қалалар (Сығанақ, Қарашық), кейінгі ортағасырлык қалалар (Сауран, Созақ), қазақ хандықтары кезіндегі қалалар (Өгізтау, Қырыққыз) болып; тарихи-топографиялық қүрылымдарына қарай: үш бөлікті (шахристан, цитадель, рабат) қалалар (Отырар, Түркістан); ұзын қорғанды (орталық бөлік, шаурашылық аймағы және оларды қоршаған, үзындығы бір не бірнеше км. үзын қорғаны бар) қалалар (Ақтөбе, Аспара); төртбүрышты (Оққүм, Түймекент), көп бүрышты, дөңгелек (Қотан) қалалар; алаңды төбе үлгісіндегі (Арыстөбе, Қараағашты) қалалар. Қазақ жеріндегі ортағасырлық тарихи-топографиялық бедері және бекініс жүйелері жақсы сақталған бірден-бір қала – ортағасырлық Сауран .
Түрақтар, елді мекендер мен қалалар көпшілігінде биік жерде, қазіргі елді мекендер мен қалаларға жақын орналасқан, әрі олардың мәдени қабаттары бірнеше см-ден ондаған метрге дейін жетеді, сондықтан да оларды іздеген кезде, олардың орналасу ерекшелігіне, тарихи-топографиялық бедеріне көңіл аударған дүрыс.
Қарауыл мұнарасы, қарауылтөбе. Археологиялық ескерткіштердің бүл түрі керуен жолдарының бойында, асуда, өткелдің басында, ежелгі жне ортағасырлық қалалардың төңірегіндегі жан-жақты бақылап түруға ыңғайлы биік жерге салынған. Мысалы, Ботамойнақ, Кіші Бурыл мұнаралары ежелгі Тараз қаласын жан-жағынан қоршап жатқан тау жоталарының биік жерінде, Ақсүмбе (Ақбикеш) Қаратаудың теріскей беткейіндегі биік тау жотасының үстіне салынған. Ал, Ақкесене мүнарасы – ортағасырлық керуен жолының Мойынқүмды кесіп өткен жерінде түр.
Кең таралған археологиялық ескерткіштердің қатарына жерлеу орындары жатады, олар үстінде үйіндісі бар не жоқ болуына қарай екіге бөлінеді: біріншісі – үстінде үйіндісі жоқ қабір шүңқырлары мен қоршаулар, екіншісі -үстінде үйіндісі бар обалар. 2. Қабір шұңқыры. Үстінде үйіндісі жок қабір шүңқыры жерлеу орны ретінде төменгі ерте тастық дәуір кезінен бастап тарала бастаған, олар, сонымен қатар, жоғарғы ерте тас және қола ғасыры кезінде де қөлданылған. Ал қола ғасыры кезінен бастап, Қазақстанда үстінде үйіндісі жоқ, қырынан көмілген тастармен төртбүрышты, сопақша, дөңгелек етіп қоршалған қоршаулар тарала бастаған.
Юсупова Рушангул Аруповна,
«Баяндай негізгі орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі.
Баяндай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы.
2025-02-14