Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Бородулиха колледжінде «Кітап сыйлау күні» аталып өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Бородулиха колледжінде «Кітап сыйлау күні» аталып өтті

Бородулиха колледжінде «Кітап сыйлау күні» аталып өтті

        14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні әлем бойынша кітапқұмарлар мен оқырмандар үшін ерекше мереке саналады. Бұл күн адамдарды кітап оқуға ынталандыруға, оқу мәдениетін насихаттауға және кітап сыйлау дәстүрін қалыптастыруға бағытталған.
         Осы атаулы күнге орай Бородулиха ауданының «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Атаева Мейрамгүл Балабайқызы «Бородулиха колледжінің» кітапханасына бірнеше тілдік оқыту кітаптарын сыйға тартты. Бұл бастама білім алушылардың қазақ тілін меңгеруіне ықпал етіп, тіл үйрену үдерісін жеңілдетуге арналған.
         Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандарына да тосын сый жасалып, оларды ынталандыру мақсатында кітаптар тарту етілді. Мұндай игі дәстүр жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім көкжиегін кеңейтуге септігін тигізері сөзсіз.
           Кітап – баға жетпес қазына! Оны сыйлау – білім мен мәдениеттің дамуына қосқан үлес.
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...