ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам
17/02/2025
16 Views
Бүгінгі таңда халықаралық тіл саналатын – ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан-жақты қолдану – мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, оның өз сабағын тиімді өткізуге мүмкіндік туғызуда. Осындай жаңа жолдардың қатарына ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалар арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Лексиканы меңгерту. Лексиканы меңгерту үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді – суреттер, зат, макеттер арқылы түсіндіріледі. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады. Тіл көрнекілігінің тиімділігі сөздердің мағынасын сабақта тек шетел тілінде түсіндіріледі де жаңа сөзбен оның мағынасы арасында байланыс жасалады. Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің кемшілігі – оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді, яғни оны бәрібір ана тілінде аударады. Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7 – 11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саяхат», «Білім», «Денсаулық», «Қоршаған орта», «Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер.
Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері.
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар.
Грамматикалық тесттер. Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалануда тиімді.
«Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана-сезімінен аластату мүмкін емес»,- деп ғалым Л.В.Щерба өте дұрыс айтқан.
Сөйлеу жұмыстары: Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Schoolchildren белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп – тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету – оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда трендке айналған жасанды интеллект – мұғалімге сенімді көмекші болып табылады. Себебі, жасанды интеллект (ЖИ) ағылшын тіліндегі білім беру саласында үлкен өзгерістер жасауға қабілетті. Ол оқыту мен үйренудің дәстүрлі тәсілдерін толықтыра алатын және жаңа мүмкіндіктер ашатын құрал ретінде қарастырылуда.
Ағылшын тілі пәнінде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары.
* Жекелендірілген оқыту: ЖИ технологиялары әрбір оқушының қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне бейімделген оқыту бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, ЖИ оқушының үлгерімін талдай отырып, оған қиындық тудыратын тақырыптарға көбірек көңіл бөлуге, ал жақсы меңгерген материалдарды жылдам өтуге көмектеседі.
* Интерактивтілік және қызығушылық: ЖИ негізінде жасалған платформалар мен қосымшалар оқушылардың қызығушылығын арттыратын интерактивті тапсырмалар мен жаттығулар ұсынады. Олар ойын элементтерін, виртуалды шынайылықты және басқа да қызықты технологияларды пайдалана алады.
* Автоматтандырылған бағалау: ЖИ мұғалімдердің уақытын үнемдейтін автоматты түрде бағалау жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Мысалы, ЖИ эсселерді, ауызша жауаптарды және басқа да тапсырмаларды автоматты түрде тексере алады, оқытушыға тек күрделірек мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді.
* Қолжетімділік: ЖИ технологиялары ағылшын тілін үйренуді барлық адамдар үшін қолжетімді ете алады. Мысалы, ЖИ негізіндегі аудармашылар мен субтитрлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға ағылшын тіліндегі материалдарды түсінуге көмектеседі.
* Үздіксіз жетілдіру: ЖИ жүйелері үнемі үйреніп, жетілдіріліп отырады. Олар оқушылардың үлгерімі туралы деректерді талдай отырып, тиімді оқыту әдістерін және бағдарламаларын үнемі жақсартып отырады.
Ағылшын тілі пәнінде жасанды интеллектті қолдану мысалдары.
* Duolingo: Тіл үйренуге арналған танымал қосымша, ЖИ технологияларын пайдаланып, әрбір пайдаланушы үшін жекелендірілген оқу бағдарламасын жасайды.
* Grammarly: Жасанды интеллект негізіндегі грамматикалық тексергіш, мәтіндердегі қателерді тауып, түзетуге көмектеседі.
* Google Translate: Аудармаға арналған ЖИ негізіндегі қызмет, мәтіндерді және веб-сайттарды бір тілден екінші тілге аударуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтар болсақ. жасанды интеллект секілді заманауи технологиялар – ағылшын тілі пәніндегі білім беруді жаңа деңгейге көтеруге қабілетті. Ол оқытуды тиімдірек, қызықты және қолжетімді ететін болады.
Сулеева Роза Абдуллаевна,
Д.Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицей КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.
2025-02-17