Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕКТЕБІМІЗДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕКТЕБІМІЗДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

МЕКТЕБІМІЗДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

            Біздің білім ордамызда осы айдың 17-21 ақпан күндері аралығында «Педагогтердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру арқылы оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын арттыру» тақырыбында шығармашылық топ апталығы өткізілуде.

            Шығармашылық топ ұйымдастырған осы апталықтың алғашқы күнінде  мектебіміздің тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Раъно Уразова апай, 11 «Ә» сыныбында «Қазақстан тарихы» пәнінен «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Осы ашық сабағында апай біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, заманауи жасанды интеллектке негізделген әдіс-тәсілдерді шеберлікпен ұштастырдық. Сонымен қатар, пән барысында қолданылған «Пликерс», «Дейін/кейін» сынды әдістер сабақта көзделген мақсаттарға жетуге өз септігін тигізді. Нәтижесінде, осы ашық сабаққа қатысқан тәжірибелі педагогтар мен жас мамандар тарапынан Р.Уразова апайдың жұмыстары жоғары бағаланды.
          Ал, 8 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беретін, білім ордамыздың озық идеялы ұстаздарының бірі – Назым Малшиева апайымыздың «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай. М.Мақатаевтың өмірі» деген тақырыпта өткен ашық сабағы көпшіліктің көңілінен шықты. Сабақтың әр кезеңін, әрбір деталына дейін ерекше мән бере отырып жоспарлаған ұстаз білім алушылармен заман ағымына сәйкес түрлі платформалар негізінде жұмыс жасай отырып, оқушылардың пәнге деген  қызығушылықтарын арттырды. Осы сабақтың барысында сынып оқушылары ақиық ақынның өлеңдерін де талдай отырып оны өмірмен де байланыстырды, әндерінен де үзінділер айтты.
        Апталық аясында мектебіміздің физика пәні мұғалімі Хабибулла Исматулла ағай  10 «А» сыныбында «Киргхов заңдары» тақырыбында  ашық сабақ өткізіп, онда өзінің жоғары біліктігін көрсетті. Практикалық жұмысты теориямен шебер байланыстыра білген педагогымыз да өз сабағында түрлі білім платформаларын тиімділікпен шебер қолдана білді.
        Қызықты өткен шаралар барысында мектебіміздің педагог-психологтары – Айгүл Мырзамуратова мен Замира Мырзалиевалар апайларымыз оқушылардың психологиялық-эмоционалдық көңіл-күйлеріне ерекше мән бере отырып, білім алушылардың үзілістегі уақыттарын да тиімді пайдаланулары  үшін «Көңілді қоңырау» әдісін тапқырлықпен ұйымдастырды.
         Осындай қызықты шаралардан көтеріңкі көңіл-күй алып шаттанған оқушыларымыз сабақтарын көтеріңкі көңіл-күйлермен өткізді.
Гүлзия ЕСПЕНБЕТОВА,
Ш.Құдайбердиев атындағы №32 ЖББМ  КММ
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

       Археологиялык ...

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

        ...