Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"ТАРЛАНДАР ТАҒЫЛЫМЫ" – "ЖАС ҰЛАНДАР" МЕН СПОРТ САҢЛАҒЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «ТАРЛАНДАР ТАҒЫЛЫМЫ» – «ЖАС ҰЛАНДАР» МЕН СПОРТ САҢЛАҒЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ

«ТАРЛАНДАР ТАҒЫЛЫМЫ» – «ЖАС ҰЛАНДАР» МЕН СПОРТ САҢЛАҒЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУІ

           Семей қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер Лицейінің «Тастүлек» жас ақындар үйірмесінің  алғыр шәкірттері «Жаяу жүгіру спортының» шебері, қазақ еліндегі  рекорд иегері Медғат Демежанмен маңызды  кездесу өткізді. «Тарландар тағылымы» атты бұл шара «Жас Ұландар» үшін шабыт пен жаңаша тың серпіннің қайнар көзіне айналып, үлкен өмірлік сабақ сыйлады.
         Жас ақындардан жүрекжарды тарту. Кездесу барысында,  «Тастүлек» жас ақындар үйірмесінің талантты шәкірттері  спортшыға арнап табан астында шығарған асқақ рухты  арнау өлеңдерін оқып, оны шығармашылық тарту ретінде ұсынып бақты.  Ақындық жыр мен спорт сыры үндескен бұл  ерекше сәт  көпшілікті толғандыратыны анық. Жас ақындар  Медғат Демежанның жетістіктерін жырға қосып, оның қайсарлығы мен табандылығын  өлең жолдарымен өрнектей білді.
         Өнегелі сұхбат: жеңіс кілті – табандылық пен мақсаткерлік. Кездесуде, шәкірттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спорттың қыр-сыры туралы пікір алмасты. Сұхбат барысында  табандылық, мақсаткерлік, денсаулық пен жігер туралы толымды ойлар қозғалды. Медғат Демежан  өзінің спорттағы жетістіктеріне оңайлықпен жетпегенін, әрбір биік белестің артында үлкен еңбек пен қажырлы дайындықтың да  жатқанын айтып өтті. Жас спортсүйер жеткіншектерге ол: «Егер сендер де мен секілді үлкен жетістіктерге жетуді қаласаңдар, ең алдымен алдарыңа айқын мақсат қоя біліңдер. Жеңіске жетудің басты кілті – табандылық пен сенім. Қиындыққа мойымаған адам ғана биікке шығады!» – деп, өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
         Гиннес рекордшысы – қазақ спортының мақтанышы. Айта кетейік, Медғат Демежан – «Гиннестің рекордтар кітабына» енген елдегі жалғыз қазақ «Жаяу жүгіру спортының» майталманы. Оның есімі жалпы спорт тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Ол талай халықаралық, республикалық  т.б. жарыстарда ел намысын қорғап, көптеген рекорды жаңарта білген. Спорттағы  табандылығы мен қажыр-қайраты жас ұрпаққа үлгі боларын тілге тиек еткеніміз жөн.
          Жылы лебіз бен мерейтойлық құттықтау. Кездесу соңында, Медғат Демежан мен «Тастүлек» шәкірттері естелік суретке түсіп, тағылымды кездесудің жарқын сәттерін есте қалдырды. Сонымен қатар, спортшы «Жас Ұлан» арнайы ерлер лицейінің «30 жылдық» мерейтойымен шын жүректен құттықтап, бейнеқұттықтау жолдады.
         Кездесудің маңызы – болашақ чемпиондарға бағыт-бағдар беру. «Тарландар тағылымы» – тек кездесу ғана емес, жас ұрпаққа рух беретін, мақсатқа жетудің жолдарын үлгі ететін тағылымды кездесу болды. Шәкірттер бұл кездесуден жігер алып, спорт пен өнердің ортақ қасиеттерін ұғынды. «Жас Ұландар»  үшін бұл шара – жеңіске деген сенім мен үлкен арманға бастар жарқын жолдың бастауы.
Ерік ОМАРҒАЛИЕВ,
ҚР Журналистер  одағының мүшесі.
Семей қаласы.
 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР

       Археологиялык ...

ДРУЖБА ВЕЛИКИХ ЛЮДЕЙ КАЗАХСТАНА И РОССИИ

        ...

БҰЛ ПӘНДЕ БАРЛЫҒЫ ДА МАҢЫЗҒА ИЕ

        ...

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

       Математика ...

ЖІГЕРДІ ЖАНИТЫН – «АУҒАН ЖЫРЫ»

        ...

БІЛГІР ПРОФОРИЕНТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

        ...

ИНФОРМАТИКА – МАҢЫЗДЫ ПӘНДЕРДІҢ БІРІ

        ...

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ӘСЕРІ

        ...

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

        ...

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 121 АДАМҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

        ...