ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Қылмыс пен жаза, Өзекті мәселе
19/02/2025
7 Views
Жуырда Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беру мекемесінде «Құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында, мектебіміздің инспекторы М.Жетібаев құқықтық кеңестер беру мақсатында 9-11 сыныптың оқушыларымен кездесу өткізді.
Мектеп инспектормен өткен осы кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына әкімшілік құқық бұзушылық пен олардың құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттар берілді. Сондай-ақ, бұл кездесуде – түрлі құқықбұзушылықтар, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, электрондық темекінің зияны, вейбтер, жолда жүру ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас жасағанда заң талаптарын орындаулары керектігі, бейтаныс адамдармен сөйлескенде қауіпсіздік ережелерін сақтаулары, түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүрмеулері керектіктері, компьютерлік орталықтарында түн мезгілдерінде болмаулары тиістігі, заң бойынша оларға спирттік және темекі өнімдерін сатып алуларына тыйым салынатындығы, заңсыз ақша жинау, жеке пайдасы үшін өзгелерді бопсалауға заң аясында тиым салынғандығы, мектеп оқушыларына тойханалар мен асханаларда жұмыс істеулеріне болмайтындығы туралы және т.б. мәселелер жайлы кең көлемде ақпараттар айтылып өтілді.
Құқықтық тұрғыдан маңызы ерекше осы іс-шараның соңында оқушылар мектеп инспекторына заң саласына қатысты өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарын қойып, екі жақты кері байланыс орнатылып, бұл кездесу қызықты өтті.
Абай КУЛИЕВ,
Ш.Құдайбердиев атындағы № 32 ЖББМ КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.
2025-02-19