ТҮНГІ УАҚЫТТА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, Қоғам, Қылмыс пен жаза, Пробация қызметі
20/02/2025
4 Views
Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні сағат 21.00-де “БАҚЫЛАУ” профилактикалық іс-шарасы аясында дабыл белгісі беріліп, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ғимаратына – прокуратура, пробация және полиция жеке құрамы жиналып, Тұран аудандық пробация қызметі есебінде тұрған 27 қайта қылмысқа бейім сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілді.
Осы тексеріс барысында тұрғылықты мекен жайында тіркеуі жоқ 2 сотталған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабының 1 бөлігімен хаттама толтырмылып ескерту берілсе, 1 сотталғанға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 480 – бабы, 1 бөлігімен хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, тексеру іс-шарасы кезінде 3 сотталған азамат өз үйінде анықталмады. Осы себепті сотталғандарға қатысты профилактикалық сұқбаттар жүргізіліп, түнгі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болу кестесін бұзғаны үшін ескертулер берілді.
Оразәлиева Меруерт Құдиярқызы,
Тұран аудандық ПҚ бөлімі бастығы, әділет капитаны.
Шымкент қаласы.
2025-02-20