Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әдебиет » ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ

         Бір қуантарлығы халқымызда ұлт қамын күйттеген атақты ақын-жазушыларымыз  жетерлік. Сол ұлы ақын-жазушыларының арасында – А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың алар орны ерекше десек қателеспейміз.  Себебі, олар өз еңбектерімен қазақтың ұлт болып қалыптасуына, ана тілімізді, ділімізді, сақтап қалуға барын салды. Енді осы аты аталған ірі тұлғаларға кішігірім тоқталып өтсек:
         Абай Құнанбайұлы – атақты ұлы ақын ғана емес, сонымен бірге, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиетінің негізін салушы, реформатор да болған. А.Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауын жайлаған Орта жүз, Тобықты руында дүниеге келген. Алдымен «Ескітам» деген медреседе сауат ашып, кейіннен көптеген оқу орындары мен медреселерді аяқтап, өз білімін шыңдаған Абай Құнанбаев алғашқы өлеңін 10 жасында жазған. «Адам өмірінің мақсаты – кемелдену мен жетілу» деген ұлы тұлға, Шығыс және Батыс мәдениеттерін өз өлеңдерінде үйлесімділікпен ұштастыра білді. Оның керемет туындыларының бірі «Қара сөздері». Бұл   туындысы батыс, шығыс тілдерінде аударылып, жан-жаққа тарады. Абай атамыз көбіне шығармашылықтарында адам жайлы, оның болмысы, жүрек қай амалмен тыныштық табады, ішкі тазару, сенім секілді тақырыптарды қозғаған. Абайдың өмірі мен шығармшылық мұрасын Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сияқты ірі ақын-жазушылар өз туындыларына арқау қылды.
          Келесі ірі тұлғаның бірі – Мұхтар Әуезов ( 1897 – 1961 ж.ж.) – Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Мұхтар атамыздың ең үлкен шығармашылықтарының бірі – «Абай жолы романы». Ол Абайды, сол кездегі қазақ қоғамын жан-жақты  сипаттап, керемет образбен жеткізді. 1921 жылы Орынборда, Семейде әртүрлі қызметте жүріп, «Алаш» партиясының көсемдері Ә.Бөкейханов, М. Дулатов т. с. с мәдениет қайраткерлерімен танысты, «Оян, Қазақ» деген ұранмен, демократиялық идеялар Әуезовтың мақсатының негізіне айналды. М.Әуезов «Абай жолы» романын терең зерттеп, 15 жыл бойы жазған, кейінен ол 30 тілде аударылды. Ал, 1956 жылы әдеби еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы қайтыс болған соң, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына оның есімі берілді.
         Қазақтың тұңғыш педагогы саналатын – Ы.Алтынсарин (1841 – 1889 ж.ж.) сонымен қатар қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, қоғам қайраткері, этнограф, фольклоршысы да. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасы – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Орынборда оқып жүрген кезінде ол шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып, оның бай кітапханасын пайдалану құқығына ие болды. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға ұмтылған Ы.Алтынсарин бүкіл Қазақ даласын оқу-білімге, ілімді үйренуге шақырып, соған өзі ұйытқы болып, Қазақ даласында бірнеше мектептер ашты,
         Келесі ұлы тұлғаларымыздың бірі – Мағжан Жұмабаев ( 1893 – 1938 ж.ж.)  «Алаш» қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Сол кездерде М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың басшылығымен Мағжан орыс тілін үйренді. Ол   Шығыс және Батыс халықтарының рухани дамуын біріктірген Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы алғашқы ақындардың ұрпағына жатады. Заманауи көркем ағымдар ағынына түсуге тырысып, әлемдік әдеби процесті құшырлана зерттеді. 1929 жылы Жұмабаев айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 1935 жылы Максим Горькийдің өтініші бойынша ерте босатылып, бостандыққа шығады. Бірақ ақынға  кейіннен қайтадан ауыр жала жабылып, қамауға алынып, ату жазасына кесіледі.
         Қазақтың тағы да бір атақты тұлғасы – ақын, әдебиетімізді зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,  аудармашы, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов (1972-1937ж.ж.). Ол 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, елінің мүддесі үшін аянбай еңбек етті. 1910 жылы Ахмет Орынборға жер аударылды. Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары  Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен  бірігіп,  тұңғыш жалпыұлттық  «Қазақ» газетінің жарық көруіне себеп жасайды. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы. 1912 жылы оның «Қазақ әліпбиі» қолданысқа енді. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым «Оқу құралы» қазақша әліппесінің бірінші кітабын жарыққа шығарды. Алайда, 1937 жылы 8 желтоқсанда өлім жазасына кесілді.
         Ұлтымыз үшін барын салған осындай ұлы тұлғаларды біз ешқашанда ұмытпауымыз керек. Біз олардың ерлікке толы шығармашылық жолын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп отыруымыз керек.
Жуматаева Гульмира Муратжановна,
 «Жекешеленген гимназия «Лика» ЖШС
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АССИСТЕНТ – АТА-АНА» ЖОБАСЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАҒА ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

        ...

ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

        ...

EDUCATION IN KAZAKHSTAN

        ...

INTELLECTUAL COMPETETION

I. Introduction.  (2 команда ...

THE LEADER OF THE 21st CENTURY

      The ...

THE ETERNAL COUNTRY IS A NOBLE LANGUAGE

       Language ...

АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

        ...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері

        ...

«И ЛЬЮТСЯ ЗВУКИ РОЯЛЯ…»

        ...