Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МӘШҺҮР-ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

        2025 жылғы 21 ақпан.  Семей қаласындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектепте қазақтың философ – ақыны, ғұлама ойшыл Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және дарынды оқушыларды қолдау мақсатында республикалық «Мәшһүр – Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
        Аталған байқауды Абай облысы білім басқармасының «Семей қалалық білім бөлімі» ұйымдастырды.
        Байқауға қала мектептерінен 8 – 11 сынып аралығындағы 45 оқушы қатысты. Жарыс аясында қатысушылар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасын зерттеп, өздерінің әдеби, зерттеушілік және шешендік қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды.
         Байқау бес бағыт бойынша өтті:
        1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – жас ақындар мүшәйрасы. Қатысушылар өз шығармаларын көпшілікке ұсынып, ақынның стилін жалғастыруға талпынды.
        2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми-зерттеу жобаларын қорғау. Бұл бөлімде оқушылар ақын шығармашылығына ғылыми талдау жасап, оның философиялық және тарихи маңызын ашуға тырысты.
        3. «Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – қатысушылар эссе жазу арқылы өз ойларын жүйелеп, көркемдік шеберліктерін танытты.
        4. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы: Хандар мен батырлар» – бұл бағытта ақын шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі мен олардың ерлік жолдары зерттелді.
        5. «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы: Би-шешендер, жырау-ақындар» – қазақ шешендік өнерінің көріністері мен ұлттық мұраның сақталуы талданды.
        Байқау барысында оқушылар өз білімдерін, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, Мәшһүр Жүсіп мұрасының бүгінгі күндегі өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
          Қазылар алқасы үздік деп танылған қатысушыларды марапаттап, жеңімпаздарға алдағы облыстық кезеңге қатысуға жолдама берді.
         Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл байқау оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістеріне серпін беріп, ұлттық мұраны тану мен насихаттау жолында маңызды қадам болды.
Ерік Қайратбекұлы Омарғалиев,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.
Семей қаласы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АССИСТЕНТ – АТА-АНА» ЖОБАСЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАҒА ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

        ...

ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

        ...

EDUCATION IN KAZAKHSTAN

        ...

INTELLECTUAL COMPETETION

I. Introduction.  (2 команда ...

THE LEADER OF THE 21st CENTURY

      The ...

THE ETERNAL COUNTRY IS A NOBLE LANGUAGE

       Language ...

АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

        ...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері

        ...

«И ЛЬЮТСЯ ЗВУКИ РОЯЛЯ…»

        ...