АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Руханият
27/02/2025
11 Views
Ана – мейірім мен махаббаттың символы. Ана – бұл өмірдің бастауы, мейірім мен махаббаттың мәңгілік символы. Ол баласының дүниеге келген сәтінен бастап оның қорғаны, тәрбиешісі және ең жақын жанашыры болады. Ананың жүрегі әрдайым сүйіспеншілікке, жанашырлыққа, қамқорлыққа толы.
Сол себепті де, біздің №37 Еңбек жалпы білім беру мекемесінде аналарымызға қатысты шығармашылық іс-шаралар, шеберлік сабақтары және ардақты аналармен кездесулер сияқты қызықты жиындар жиі ұйымдастырылып тұрады.
Бұл іс-шаралардың бәрі де ананың отбасындағы рөлін ерекше атап көрсетуге, қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған. Ана кез-келген отбасында –аяулы жар, қоғамда айтары бар, түрлі салада еңбек етіп жүрген яки зейнет жасындағы аналардың перзент тәрбиесі, шаңырақ шаттығы туралы ойлайтын тұлға.
Ана махаббаты шексіз, ол өз баласына өмір бойы мейірімін төгуден жалықпайды. Қандай жағдай болмасын, ана баласына қолдау көрсетіп, оны ақылымен, жылуымен, тәрбиесімен дұрыс жолға бағыттайды. Халық даналығында «Жұмақ ананың табанының астында» деп айтылуы бекер емес. Бұл ананың өмірдегі ең қымбат жан екенін дәлелдейді.
Қазақ халқы әрдайым ананы ерекше құрметтеген. Ата-бабаларымыз «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп бекер айтпаған. Ана баласы үшін өз өмірін қиюға да дайын. Оның тәрбиесі мен мейірімінің арқасында бала жақсы азамат болып өседі.
Ананың жүрегі – әлемдегі ең нәзік жүрек. Ол баласының қуанғанын қалайды, ауырса бірге қиналады. Сол себепті анаға әрдайым алғыс айтып, оның қадірін білуіміз керек. Оны тек 8 наурыз мерекесінде немесе туған күнінде ғана емес, күн сайын құрметтеу – әрбір перзенттің парызы.
Ана – өмірдің шуағы, жанұяның тірегі, баланың алғашқы ұстазы. Әрбір анаға құрмет көрсетіп, оның мейіріміне шынайы алғыс айту – біздің міндетіміз.
Әлемде ана махаббаты – ең таза, ең шынайы сезім. Бұл сезімге ештеңе де тең келмейді. Сондықтан ананы қадірлейік, құрметтейік, оның әрбір айтқан сөзін жүрекке түйіп, өмірде жақсы адам болуға ұмтылайық. Ананың жүзіне қуаныш ұялату – әрбір баланың ең үлкен бақыты.
Қорыта айтар болсам, мектебімізде аналарға қатысты өтілетін түрлі мәдени іс-шараларда оқушыларымызға жоғарыда айтылған жайларды айта отырып, оларды аналарының қадірлерін білуге шақырамын. Ал, қыздарға болашақта «Ана» деген атқа лайық болуға шақырамын.
Аппазова Дүйсенкүл Алипбековна,
№37 Еңбек ЖББМ КММ кәсіби бағдар беруші.
Жетісай ауданы.
2025-02-27