«АССИСТЕНТ – АТА-АНА» ЖОБАСЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАҒА ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, Әлеумет, Білім саласы, Жас буын
04/03/2025
11 Views
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Наурыз» бөбекжай – бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Ассистент-ата-ана» тақырыбындағы ата-анамен және ата-аналар қауымдастығымен жүргізілетін жоба аясында біршама іс- шаралар атқарып келеді.
Ұйымда «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында 2024-2025 жылдары іске асырылатын жол картасы бойынша «Ата-аналардың белсенділігін арттыру» міндетіндегі ата-аналарды балалардың даму процесіне тарту, әр тәрбиеленушінің отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату, баланың дамуы үшін ұйыммен бірге ата-аналардың ортақ жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ассистент – ата-ана» жұмысына тарту жолдарымен апробациялық жұмысы ұйымдастырылып келеді.
Жұмыс жоспары негізінде «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында балалардың ата- аналарына арналған педагогикалық танымын кеңейту, кеңес беру семинары өтті. Ассистент ата- аналар балабақшаның балаларға берген тәрбиесі мен біліміне қанық болды.
Топтық-түзету дамыту жұмысы ортаңғы «Балдырған» тобымен «Ойын ойлап тап!» тақырыбында баланың қиялы мен ұсақ моторикасын дамыту мақсатында ұйымдастырылып, баламен жұмысқа жол картасының бағытымен ұйымдастырылған «Ассистент-ата- ана» жобасы негізінде қатысушы ата-аналар А.Романқұл мен Д.Ахмедова балабақша жұмысына қызығушылық танытып, оң пікірін білдірді.
«Ассистент – ата-ана» тақырыбындағы ата-анамен және ата-аналар қауымдастығымен жүргізілетін жобаға ұйымның ересек «Қарлығаш», «Балауса», «Балапан», «Наурыз» топтарының тәрбиешілері мен ата-аналарына түсіндірме жұмысы ұйым меңгерушісі Б.Бесбаева мен әдіскері Г.Каратаева тарапынан баяндалып, төрт ересек топпен жоба жоспары 2024-2025 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хат пен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жасақталды.
Тренингтер, «игі істер күндері» түрінде ата-аналар жиналыстары, ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары –сауалнама, жеке және топтық консультациялар, проблема бойынша пікірталастар, әлеуметтік желілер арқылы сұрақ-жауап күндері, балалар әрекеттерінің бейнежазбаларын және режимдік сәттерді қарау, содан кейін талқылау, «Ашық есік күндері» жоспарлы ұйымдастырылды.
«Мен тәрбиешімін» бағытындағы «Наурыз» ересек тобындағы ассистент ата-аналар Дербісбек Әйгерім Ақанқызы мен Тұрсымұрат Айдана Жанаділқызы «Қыс мезгілі» тақырыбындағы балалармен ойын – әрекетін, «Мен тәрбиешімін» бағытындағы «Қарлығаш» ересек тобындағы ассистент ата-аналар Маханова Индира мен Оңалбаева Ұлжан «Қыстап қалатын құстар» тақырыбындағы балалармен ойын – әрекетін ұйымдастырып, соңында тәрбиешілермен балалардың тәрбиесі, оқу процесіндегі бала жасына сай әрекеттері жайында пікір алмасты. Өздерін тәрбиеші орнына қойып, жауапкершілігін сезінгендіктерін айтып топ тәрбиешілерінің еңбегіне оң бағасын берді.
Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата- аналарға көмек көрсету арқылы оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тартып, педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен МДҰ-ның күш- жігері бірігіп, ата-аналардың, МДҰ тәрбиеленушілері мен педагогтерінің қарым- қатынасына оң көзқарас, ортақ мүдделер, өзара түсіністік атмосферасы құрылды.
Салтанат АЛДАХАНОВА,
МКҚК «Наурыз» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы.
Жетісай ауданы.
2025-03-04