Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"ҚОС БҰРЫМ" – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЗІЛМЕС АРҚАУЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » «ҚОС БҰРЫМ» – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЗІЛМЕС АРҚАУЫ

«ҚОС БҰРЫМ» – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҮЗІЛМЕС АРҚАУЫ

          Қыз баланың тәрбиесі – ұлт болашағының негізі. Қазақ халқы ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген, әсіресе қыз баланы ізеттілікке, инабаттылыққа, сұлулық пен тәртіпке баулыған. Осы орайда, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балабақшамызда «Аналар мектебі» бағыты бойынша «Қос бұрым» атты іс-шара өткізілді.
         Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, аналардың қыз тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту. Шара барысында аналар мен қыздары бірге уақыт өткізіп, қазақ халқының дәстүрлі қыз тәрбиесінің бір бөлшегі саналатын шаш өру өнерін үйреніп, тәжірибе алмасты.
        Шаш – қыз баланың көркі. Бұрынғы аналар қыздарының бұрымын сүмбіледей етіп өсіріп, оған ерекше күтім жасаған. Бүгінде бұл дәстүр ұмыт қалмауы үшін «Қос бұрым» шарасында аналар қыздарына шаш өрудің түрлі әдістерін үйретіп, олардың әдемілігін, ұқыптылығын сақтауға дағдыландырды. Сонымен қатар, әжелеріміз бен аналарымыз шаш өрудің тәрбиелік мәні туралы әңгімелер айтып, қазақтың байырғы салт-дәстүрін дәріптеді.
        Тәрбиелік іс-шарамыз өте жылы әрі әсерлі өтті. Балалар аналарымен бірге уақыт өткізіп қана қоймай, ұлттық тәрбие мен әдеміліктің үйлесімін сезінді. Бұл шара болашақта да өз жалғасын тауып, қыз бала тәрбиесіне деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қоса бермек.
       Біз, осындай дәстүрлі құндылықтарымызды жаңғырту арқылы ұрпақ тәрбиесінің іргетасын бекітетініміз анық.
Дилфуза АЗИМОВА,
“Аянат-сұлу” бөбекжай балабақшасы  ЖШС-нің тәрбиешісі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

КЕНЕ ШАҚҚАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР

        ...

ӨТ АУРУЫ

        ...

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік ...

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...