ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТҰЛҒАНЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Posted by: Қалмұрат
in Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Руханият
06/03/2025
25 Views
Біртұтас тәрбие бағдарламасы – балалар мен жастардың тұлғалық, әлеуметтік және этикалық дамуындағы маңызды құрал болып саналады.

Біртұтас тәрбие негізіне ұлттық құндылықтар жатады. Ал ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Соның ішінде тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына! Біз, тәрбиешілер әрбір баланың дұрыс тәрбие алып, оң қалыптасуына негіз боламыз. Мектеп жасына дейінгі балалармен тіл табысып, жұмыс істеу, оларды күнделікті бір әдет пен әдепке салу ісі тәрбиешілер үшін маңызды жұмыс болып табылады. Күнделікті тәртіп пен сан алуан сабақ әдіс-тәсілдерімен баланы жалығулықтан алып шығу ерен еңбек.
Ата-бабаларымыз «ағаш еккен соң оны күтіп баптай білсең, еккен ағашың түзу өсіп, жеміс береді. Ал күтімін жасамасаң, қисық ағаш қайта түзеуге келмейді» деген мағынасы терең пәлсафалық ойды қалдырып кеткен. Біздің қазір қанымызға сіңіп, тамырымыздан аққан қанның мыңнан бірі ата-бабаымыздың бойымызға сіңірген жан тәрбиесі: мәдениеттілік, сөйлеу тіліміз, ділімізден бөлек, материалдық құндылығымыз: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тыйымдар арқылы санамыз жүйелі түрде дамып, өз адами құндылығымызды сақтап, ары қарай дамытудамыз.
Міне, тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың басты роль ойнайтыны анық көрсетіліп, белгіленіп келе жатқан дүние.
Тұлғаны ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің бірден бір көзі: Дене тәрбиесі – салауатты өмір салтын ұстану. Жан тәрбиесі – кітаптар оқу, кинолар көру, қоғамға қайырлы іспен айналысу. Ақыл тәрбиесі – үлкен-кіші, құрбы-қатарларымен кез келген тақырыпта әңгіме қозғап, оны талдай алу. Өмірдің антонимдерсіз болмайтынын ұқтыру, синонимдердің үлкен үміт сыйлауы, омонимдер өмірдің үлкен сабағы екенін түсіндіру.
Сұлулық пен мінез-құлық тәрбиесі – тазалық, әдептілік…
Тәрбиешілердің негізгі міндеті – тәрбие ісі. Біз енді тілі шыққан балаға сөйлеуді, дене тәрбиесі, жан тәрбиесі, ақыл мен сұлулық тәрбиесін бақшадан үйретеміз. Бұл тәрбие көздерін бойларына сіңіріп өскен әрбір бала ойы ұшқыр, өресі биік, адамгершілігі мол азамат болып өсетініне сенімдіміз. Ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу тұлғаны рухани адамгершілікке байытады.
Демек, біз өз тәрбиемізбен ұрпағымызға сабақ бере отырып, ұлттық құндылығымзды сақтап қала аламыз. Қоғам байлығы – әдепті адам екенін әсте естен шығармауымыз керек.
Күлзипа Жұпарбекқызы Кенжебекова,
«Рауан» балабақшасы «Балбөбек» тобының тәрбиешісі.
Жетісай қаласы.
2025-03-06