Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Білім саласы » Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері

Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері

          Халық даналығы дегенде, ең алдымен, біз мақал-мәтелдер, айшықты сөздерді, бата тілектерді тұрақты сөз тіркестрін  сондай-ақ, халықтың бай, рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін, афаризмдерді еске аламыз.
          Бұның бәрін біз бір сөзбен  «Аталар сөзі – халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, онда рухани мәдени- мұралардың әрбірінің тамыры тың тереңде жатқанын көреміз
       Олар ел өмірінде  әр кезеңдерде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз, тіпті, кейбірінің тарихын, тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра- нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие- өнегесін беріп келгені даусыз.
          Ұлы Абайдың даналығы қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан асып түспесе, кем түспейтін қанатты сөздері, мақал-мәтелдері, халыққа сол астарлы, ұшқыр, ақыл сөздерімен билік айтып, соны- заң деңгейііне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік -тапжылмайтын үкім деп есептелген. Ал қазақ халқының осындай белгілі сөздері , айтқан ойлары амал не хатқа түспей көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келді.
        Қазақ топырағында туып өскен, өмір сүрген  танымал тұлғалардың туған жерге қатысты, оған қызмет ету, ұрпақ тәрбиесі, білім, діл, мәдениет, еңбек ету сияқты мәңгілік мәселерді көтерген керемет ойларын, сан ғасырлар бойы қазақ жерінде  үзілмей жалғасып келе жатқанқандығын  ұрпақтар арасындағы сабақтастығын сақталғандығын көреміз.
       Әл-Фараби,  А.Иассауи, Ж.Баласағұни, Қорқыт ата, Абай,Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп тәрізді кемеңгер ойшылдардың,  Күлтегін, Білге қаған, Шыңғыс хан, Ә. Бөкейхан тәрізді ел бастаған әйгілі билеушілер мен көсемдердің, Асан қайғы, Шалкиіз, Бұхар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жиренше шешен тәрізді сөз бастаған би-шешендер мен жыраулардың, Қ Сәтпаев, Ә.Марғұлан тәрізді біртуар ғалымдардың және басқалардың таңдаулы сөздерінің жойылмайтыны сөзсіз.
       Ұлы тұлғалардың ғибратты сөздерін түрлі тақырыпты қамтитын нақыл сөздері еңбек туралы, жастарға арналған, елге қызмет ету, заман туралы және тағы да басқа даналық сөздерін оқушылардың бойына сіңіріп, тәрбие құралы ретінде қолданып келеміз.
         Ең біріншіден, сөз қасиеті туралы Асан қайғының сөздері:
 Таза мінсіз асыл тас,
 Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан сөз,
 Жер толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
       Енді бірде, Хакім Абайдың адамның өмірі туралы:
Өмір жолы тар соқпақ бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған Хақ.
Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе тура шық көзіңе бақ.
       Ұлтын сүю туралы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзін келтіруге болады:
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш»деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
        Сондай-ақ, Президент Қасымжомарт Тоқаевтың сөздерін де әрдайым жадымызда сақтаймыз. «Біз, елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек, Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, текбір ғана ойды, қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты».
       Жақсы мінез-құлықтар туралы мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың сөзін келтіруге болады. Күнделікті өмірде де, жұмыста даүш қасиетке арқа сүйедім, Олар: қарапайымдылық, адалдық,табандылық, екі нәрсені,«ақылдан- сабыр артық, теңдесі жоқ байлық- қанағат» деген шығыс даналығын жадымда ұстадым, Қандай жағдай болмасын сабыр сақтап мейлінше қайырымды болуға ұмтылдым деген екен.
      Тәрбие, отбасы туралы  Шал ақынның:
  Ата – ананың қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін,
Жалалы болғанда білерсің.
Дәулетіңнің қадірін,
Мал кеткенде білерсің.
         Жастарға арналған М. Жұмабаевтың сөздерін де айту керек:
Жастар! Жүрек толқытқан шерді,
Ми толқытқан ойды жарыққа шығарып, майданға салыңдар!
Алда жүрген Алаш жолында аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі өнеге алыңдар!
Гүлзат АГМАНОВА,
І.Жансүгіров атындағы №30 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АССИСТЕНТ – АТА-АНА» ЖОБАСЫ БӨБЕКЖАЙ БАҚШАҒА ОҢ НӘТИЖЕ БЕРДІ

        ...

ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

        ...

EDUCATION IN KAZAKHSTAN

        ...

INTELLECTUAL COMPETETION

I. Introduction.  (2 команда ...

THE LEADER OF THE 21st CENTURY

      The ...

THE ETERNAL COUNTRY IS A NOBLE LANGUAGE

       Language ...

АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

        ...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

«И ЛЬЮТСЯ ЗВУКИ РОЯЛЯ…»

        ...

ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

        ...