Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Келес ауданының Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 2005 – 2007 жылы туылған жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты болып өтті.
        Сонау бағзы заманнан бері қазақтың тарихымен біте қайнасып, заманына қарай жаңғырып, дамып, толықтырылып келе жатқан, жауынгерлік жаттығу деп қарауға әбден болатын ұлттық спортымыз – көкпарды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып, 11-12 наурыз күндері өткен чемпионатқа барлық аудан, қалалардан 14 командада 160-қа тарта шабандоз қатысты.

Алғашқы сәттерден-ақ жеңіске деген жігері мен дайындықтарын көрсетіп, көкпар додаларында өзгелерден ептілігімен, астындағы арғымағының жылдамдығымен көзге түскен, бабы мен бағы қатар шауып, тұлпарларының тұяғы сүрінбей адал салымға қол жеткізген Сайрам ауданының командасы ІІІ орынды иеленсе, Жетісай ауданының тақымы мықты шабандоздары жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байласа, команда капитаны Зәкір Оралхан Малдыбайұлы «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды. Ал, Келес ауданының құрама командасы І орынды иеленіп, жарыстың чемпионы атанды.

        «Ұлттық спортты дамыту – жас буынның тарихи санасын жаңғыртудың ең тиімді жолы. Өйткені, тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпайды. Міне, сол тарихи сананы қалыптастыру, тұғырын биік ету мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары жоғары деңгейде өтті. Жастарымыздың әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатын сақтай отырып бет бұруларына жағдай жасап отырған, чемпионатта өз мүмкіндіктерімізді көрсетуімізге ықпал еткен аудан басшысына алғымызды білдіреміз» дейді Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ұлттық спорт клубы» КММ директоры Ерлан Райымбердиев.
         Айта кетейік, Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей қолдауымен ауданда «Ұлттық спорт клубы» КММ тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, клубта ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды түрлерімен 250-ге жуық тұлға тұрақты түрде шұғылданып келеді. 14 тәжірибелі бапкер бар.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

        ...

EDUCATION IN KAZAKHSTAN

        ...

INTELLECTUAL COMPETETION

I. Introduction.  (2 команда ...

THE LEADER OF THE 21st CENTURY

      The ...

THE ETERNAL COUNTRY IS A NOBLE LANGUAGE

       Language ...

АНАҢДЫ СЫЙЛА, ОЛ – СЕНІҢ ТІРЕГІҢ!

        ...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

        ...

Ұлттың ұлы тұлғаларының даналық сөздері

        ...

«И ЛЬЮТСЯ ЗВУКИ РОЯЛЯ…»

        ...

ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

        ...