НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!
Posted by: Қалмұрат
in News, Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Мерекелік шара, Руханият
22/03/2025
8 Views

Біздің Кенсары хан атындағы №62 жалпы білім беретін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткілді.
Осы мерекелік іс-шараның мақсаты: оқушыларымызға «Наурыз» мейрамы туралы жан-жақты түсінік беру арқылы оларға қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласында алатын орны, сол мейрамның шығу тарихы туралы құнды ақпараттар беру, оны ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра, насихаттап ұрпақтардың өз ұлты мен тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.
Білім ордамыздың білікті педагогы Ербол Жарылқапов пен аға тәлімгері Т.Домұратова апай және қосымша білім беру педагогтары – Г.Абдубаитова, С.Жакыпова, С.Тобакабулова мен М.Қарсақбаевалар біргелікте ұйымдастырған осы салтанатты шарамызды – мектебіміздің директоры Жамила Кекилова апай құттықтау сөз сөйлеп отырып, ашып берді. Содан кейін мерекелік шарамызға арнайы шақырылған қадірлі қонақтарымыз жиналған көпшілікке өздерінің игі тілектерін жеткізді. Олар да «Наурыз көже»-ден дәм ауыз тиіп, өз естеліктерімен бөлісті.
Мереке барысында ұлттық дәстүрлеріміз жан-жақты дәріптеліп, соларға қатысты «Тұсаукесер» секілді сахналандырылған қойылымдар көрсетілді. Сондай-ақ, асық ойнау, «арқан тартысу», кір тасын көтеру мен басқа да спорттық ойындар ойналып, мектебіміздің ауласы мерекелік шат-думанға толды. 3-10 сыныптардың өнерлі оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерімен іс-шарамызға жиналған көпшілікті дән риза етті.
Ұлы Наурыз кел төрлет,
Ел достығын өркендет!
Ырыс пен құт, мол болып,
Елде болсын тыныштық!
Жакыпова Салтанат Дарханқызы,
Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ КММ тарих пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.
2025-03-22