Сабақ кезеңі/уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Білім алушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
8 минут
Жеке жұмыс
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды сыныпқа кіргіземін;
2. Оқушылармен амандасып, түгендеймін. Сынып реттілігін қадағалаймын.
3. Психологиялық ахуал: «Сәлемдесу». (Оқушылар шеңберге тұрып, екі-екіден бір-біріне қарап тұрады. Экраннан көрсетілген ұлт өкілдеріне қарап, сол елдің салтымен амандасады. Мысалы, Жапондықдар иіліп сәлемдеседі.Эскимостар қолдарын жұдырыққа жұмып басы мен иықтарын соғып амандасады. Жаңа Гвинеяның кои-ри тайпасы иектерін қытықтап амандасады. Қазақтар оң қолдарын алысып, иық қағысып амандасады.)
4. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «flippity.net» платформасы арқылы сұрақтарға жауап аламын.
Сұрақтар:
1. Ата-анаң, ата-әжең саған қандай ақыл-кеңес береді?
2. Сен олардың тілін алмай, ренжітсең не болады?
3. Егер сен бір қате іс жасап қойсаң, қалай ақталар едің?
4. Үстеу дегеніміз не?
5. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?
6. Үстеудің түрлерін ата
7. Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Негізгі үстеудің жасалу жолына мысал келтір
9. Туынды үстеу қалай жасалады?
10. Күрделі үстеулерге мысал келтір.
4. «Киіз үй» әдісімен топтастырамын.
1-топ: «Салт-дәстүр»
2-топ: «Тәрбие»
3-топ: «Әдет-ғұрып»
|
1. Сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады;
2. Психологиялық ахуал: «Сәлемдесу». (Оқушылар шеңберге тұрып, екі-екіден бір-біріне қарап тұрады. Экраннан көрсетілген ұлт өкілдеріне қарап, сол елдің салтымен амандасады. Мысалы, Жапондықдар иіліп сәлемдеседі.
Эскимостар қолдарын жұдырыққа жұмып басы мен иықтарын соғып амандасады.
Жаңа Гвинеяның кои-ри тайпасы иектерін қытықтап амандасады. Қазақтар оң қолдарын алысып, иық қағысып амандасады.)
3. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында «flippity.net» платформасы арқылы мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
4. Мұғалім ұсынған «Киіз үйлермен» топтасады.
|
Дескриптор:
– Сұрақтарға дұрыс жауап береді-1б;
ҚБ – 1 балл
«Домбыра»
|
РРТ
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
12 мин.
Топтық жұмыс
|
№1-тапсырма.
«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы әр топқа оқулықтағы (162-бет 4-тапсырма) мәтінді кезекпен оқытамын. Мәтінді оқытып, ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату керектіктерін түсіндіріп өтемін.
Тапсырма: Оқылым мәтінінен ауызекі сөйлеу этикеттерін, көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңдар.
|
№1-тапсырма.
Топ мүшелерімен бірлесе мұғалім ұсынған оқулықтағы мәтінді оқиды және оқыған материалды негізге ала отырып, ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Кестені толтырады
|
Дескрипторлар:
· Мәтінді мұқият оқиды-1б;
· ауызекі сөйлеу этикеттерін жазады-1б;
· көркем сөйлеудің құрылымдық ерекшеліктерін ажыратады-1б;
· көркем сөйлеудің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады-1б;
· сөз мәдениетіне түсінік береді-1б;
ҚБ-4 балл «Домбыра»
|
Оқулық
«Атамұра» баспасы 6-сынып қазақ тілі 162-бет
Плакат
фломастер
|
2 мин
|
ӘТН
Мекен үстеуі Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін үстеудің түрі мекен үстеуі деп аталады. Мекен үстеулері қайда? қайдан? де ген сұрақтардың біріне жауап береді. Оларға жоғары, төмен, әрі, бері, алда, тұс-тұстан, асты-үстінен, әлдеқайдан, осылай т.б. үстеу сөздер жатады.
|
Оқулық
«Атамұра» баспасы 6-сынып қазақ тілі 161-бет
Ереже дәптерлері
|
Жұптық жұмыс
8 мин
|
№2-тапсырма:
«Сағат-дос» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды жұптастырады. Оқулықтағы (164-бет) 8-тапсырмада берілген сөйлемдерді «Текемет» әдісімен орындатамын. Әр мақал-мәтелді ұзыннан бірдей мөлшерде қиып, парақтарды тоқып шығамын. Әр жұптан бір оқушыдан шығарып, сол текеметтің бір жібін суырып алғандай парақты алуды ұсынамын.
Тапсырма: Берілген мәтіндегі пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетіңдер және редакциялаңдар.
|
№2-тапсырма:
Мұғалім ұсынған «Сағат-дос» әдісі арқылы оқушылар жұптасады.
Берілген мәтіндегі пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді және редакциялайды.
|
Дескрипторлар:
– пунктуациялық қателерді табады-1б;
-орфографиялық нормаға сай жазады-1б;
ҚБ – 2 балл
«Домбыра»
|
Жұмыс дәптері
Оқулық
«Атамұра» баспасы 6-сынып қазақ тілі 164-бет
|
Жұптық жұмыс
8 мин
|
№3-тапсырма:
Әр жұпқа тапсырмалар ұсынамын.
1,3-жұп:
10-тапсырма. Төмендегі мекен үстеулерін қолдана отырып, сөз тіркестерін құраңдар. Үстеулер: ілгері, жоғары, төмен, алды-артынан, әрі-бері, тауға қарай, алға қарай, ілгері-кейін, жоғарыдан.
Қажетті етістіктер: өрмеледі, түсті, жылжыды, қозғалды, жүр, орады, түсті, жүгірді, тартты.
2,4-жұп:
7-тапсырма. Оқылым мәтініндегі негізгі ойды есте сақтай отырып, төмендегі үлгі бойынша ой қорыт. Өз сөзіңде мекен, мезгіл үстеулерін қолдан.
5,7-жұп: 6-тапсырма. Оқылым мәтінінің көркем сөйлеу стилінде жазылғанын дәлелде. Мәтінде кездесетін ауызекі сөйлеу үлгілерін анықта.
6-жұп: 5-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша өз пікіріңді төмендегі кестеге сәйкес жүйелеп айт.
|
№3-тапсырма:
«Бауырсақ» әдісі арқылы әр жұп ұсынылған тапсырмаларды орындайды.
1,3-жұп:
10-тапсырма. Төмендегі мекен үстеулерін қолдана отырып, сөз тіркестерін құраңдар. Үстеулер: ілгері, жоғары, төмен, алды-артынан, әрі-бері, тауға қарай, алға қарай, ілгері-кейін, жоғарыдан.
Қажетті етістіктер: өрмеледі, түсті, жылжыды, қозғалды, жүр, орады, түсті, жүгірді, тартты.
2,4-жұп:
7-тапсырма. Оқылым мәтініндегі негізгі ойды есте сақтай отырып, төмендегі үлгі бойынша ой қорыт. Өз сөзіңде мекен, мезгіл үстеулерін қолдан.
5,7-жұп: 6-тапсырма. Оқылым мәтінінің көркем сөйлеу стилінде жазылғанын дәлелде. Мәтінде кездесетін ауызекі сөйлеу үлгілерін анықта.
6-жұп: 5-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша өз пікіріңді төмендегі кестеге сәйкес жүйелеп айт.
|
Дескрипторлар:
1,3-жұп:
-Мекен үстеуді ажыратады-1б;
– Сөз тіркестерін құрайды-1б;
ҚБ-2 балл
«Домбыра»
2,4-жұп: -Мезігіл, мекен үстеулерді қолданады-1б;
-өз ойын қорытып жазады-1б;
ҚБ-2 балл
«Домбыра»
5,7-жұп:
– мәтінінің көркем сөйлеу стилінде жазылғанын дәлелдейді-1б;
-Мәтіннен ауызекі сөйлеу үлгілерін анықтайды-1б;
ҚБ-2 балл
«Домбыра»
6-жұп:
Мәтінге өз пікірін білдіреді -1б;
-өз пікірін жүйелеп жеткізеді-1б;
ҚБ-2 балл
«Домбыра»
|
Оқулық
«Атамұра» баспасы 6-сынып қазақ тілі
|
Сабақтың соңы
Жеке жұмыс
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
Сабақты қорытындылау:
«wordwall.net» платформасы. Мұғалім сабақты қорытындылайды
Рефлексия
«Активатор» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын қима қағазға жазып тапсырады.
Үйге тапсырма: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбында эссе жазу. Сөз саны-70-80.
|
Мұғалім бекітуге ұсынған сұрақтарға жауап беріп, бағаланады.
«Активатор» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, іледі.
Сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай өзіне тиісті балын күнделіктеріне қойдырып алады.
|
Дескриптор:
– Сұрақтарға дұрыс жауап береді-1б;
ҚБ – 1 балл
«Домбыра»
Сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 балдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын күнделіктеріне қойып береді.
|
Күнделік
РРТ
Қима қағаз
|