Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс сүйегінің шіру процесінен сақтандыру ісі жалпы халықтың денсаулық сақтау шараларымен тығыз байланысты. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыра білу де денсаулық үшін маңызды.
       Таза ауа, бірқалыпты ұйқы және өте құнарлы аспен тамақтану өсіп келе жатқан организмнің дұрыс қалыптасып жетілуі негізгі фактор ретінде саналады. Сонымен қатар тіс сүйегінің шіру процесінен және ауыз қуысының басқа да ауруларынан сақтандыру үшін пайдалы болып табылады. Сондықтан құрсақтағы нәрестенің дұрыс өсіп жетілуі, жүкті әйелдердің тіс ауруынан алдын ала сақтануы қажет. Сол себепті екіқабат әйелдер дәрігер кеңесін әрқашан мұқият орындауы тиіс.
       Олар өзін-өзі күтіп, таза ауада, әсіресе ашық күн шуағында жиі серуендеу керек. Болашақ нәрестенің қалыпты өсіп-жетілуіне, оның туғаннан кейін рахит ауруына шалдықпауына, сонымен бірге жақ сүйектерінің қалыпты болып өсуіне пайдалы болмақ. Бала дүниеге келгеннен кейін омыраудан ерте айырмай, уақытылы емізу керек. Ана сүтінен баланың организміне қажетті коректік заттардың бәрі бар. Емшек емген баланың ауыз, бет және жақ бұлшық еттері жақсы жетіледі. Емшектен айырғаннан кейін минералды тұздар мен витаминдерге бай сүт және өсімдіктерден жасалған тамақтармен тамақтандыру қажет. Жас сәбилерді тәтті нәрсеге әуестендіруге болмайды. Тәтті тағамды жегеннен кейін олардың басқа асқа тәбеті шаппай осыдан зат алмасу процесі бұзылады. Ал бұл процесс бала тістерінің дұрыс жетілуіне зиян тигізеді. Баланы қатты тағам жеуге үйрету керек. Шайнап жеуден жақтары мен тістерінің қызметі күшейеді. Қатты тағам тістерді тіс сақиналары мен тіс сүйегін микробтардан жақсы тазартады.
       Тіс ауруы өзінен алыс жатқан органдарды да кейбір ауруға ұшыратады. Себебі, бұзылған тіс ауру жұқтырғыш микробтарды организмге таратуға себепші. Сонымен бірге тіс және ауыз қуысы тазалығына үлкен мән берген дұрыс. Балаға 3 жастан бастап тіс тазалауды үйрету керек. Оны тазалаудың ең басты құралы – тіс пастасы пен тіс щеткасы. Тіс щеткасының өте қатты, қатты, орташа, жұмсақ, өте жұмсақ түрлері болады. Негізінен орташа және жұмсақ тіс щеткасының үлкендерге және балаларға арналған түрлері бар.
         Тісті жуған кезде бірінші жоғарғы тіс қатарын жоғарыдан төмен қарай оң және солға қарай алдыңғы тістерді тазалау керек. Ал төменгі тіс қатарын төменнен жоғары қарай ішкі және сыртқы бетін тазалау керек. Содан кейін айналдыра тазартамыз.
        Тіс щеткасын пайдаланып болғаннан кейін басын жоғары қаратып арнаулы ыдысқа салып қою керек. Тісті тазартқан соң ауыз қуысын жақсылап шайып алған жөн. Сондай-ақ щетканы 3 айда 1 рет ауыстырып тұру қажет. Тісті сабын және тұзбен жууға болмайды. Олар ауыз қуысының шырышты қабатын және тіс эмалін зақымдайды. Тамақ ішіп болғаннан кейін міндетті түрде ауыз қуысын шаю маңызды.
Пернебек Ақниет Мұратқызы,
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының емхана бөлімінің дантисті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...