Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА «ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

           «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау мен Қостанай облыстарынан келген өкілдердің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 311 жергілікті тұрғын қатысып, оның 283-і өздеріне қажетті мәліметтерден құлағдар болды.
        Республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналатын Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 2015 жылдан бері 4 мыңға тарта отбасының 15 мыңға жуық мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 35 пайызына жуықтайды.
         Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Әсет Шонов, Түркістан облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры Абзал Қазанқапов арнайы қатысып, делегация өкілдерімен сұхбаттасты. Өз кезегінде делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырып, қоныс аударушылардың әлеуметтік әлеуетін көтеруге, яғни, тұрғын үй мен егістік жер алу, перзенттерін балабақшалар мен мектептерге орналастыру, сонымен қатар, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, шағын және орта бизнесті дамытуға ниеттілер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын түсіндірді.
          «Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларының тиімді жүзеге асырылуы бұл үдерісті жылдамдатуға және оның нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің барлық аймақтары бірдей дамып, әлеуметтік теңдік пен экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша өз еркімен қоныс аударуды ұйымдастыру, оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыра отырып еңбек рыногын реттеу, еліміздің барлық аймақтарының бірдей дамып, әлеуметтік теңдік пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету – жобаның басты мақсаты» дейді Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, аудандық «Мансап» орталығының директоры Олжас Қаныбеков.
         Көші-қон саласындағы еңбек ресурстары аз, халқы сирек орналасқан өңірлерге халықты қоныстандыру арқылы елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына оң ықпал етуді мақсат еткен жәрмеңкеде жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 11 адам Павлодар, 10 адам Солтүстік Қазақстан, 5 адам Қарағанды, 4 адам Қостанай, 3 адам Шығыс Қазақстан, 3 адам Ұлытау, 2 адам Абай облыстарына қоныс аударуға ниет білдірді.
Бауыржан НАЙМАНОВ,
Жетісай ауданы. 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...