Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕНІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕНІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІМ

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕНІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІМ

            Ұстаздық – ұлылардың ұлылығын ұғынар, жұлдыздарды жарқыратар киелі мамандық. Бала санасына білім беріп ғана қоймай, сол берген білімнің арқасында баланы тани білу де, оның қабілетін байқай білу ұстаз үшін үлкен қырағылық. Осындай ұстанымдардың арқасында алдыма келген шәкірттердің жұлдызын жағуым мен олардың тәрбиесіне қандай үлес қоссам екен деген ой санамды сан сұраққа сенделтті. Әрбір шәкірт  шамшырақ, оны жағу үшін не жасауымыз керек?

          Ұстаз үшін негізгі ұстаным – балаға білім беруді басты бағыт деп алдым.  Шәкірттерімді өз пәнім бойынша талай додаларға салдым. Ешқашан құр қайтпадық. Талай додада жүлделі орынға ие бола алдық. Бұл да болса ұстаз үшін үлкен жауапкершілік, үміттің ақталғаны ғой. Балаға дұрыс бағыт бере алсақ, оның келешекте кемел азамат болуына септігін тигізе алуымыз мүмкін. Еңбегімнің ақталып, сенімімнің дұрыстығын аңғартқан осы оқу жылындағы пәндік олимпиада болды. Шәкіртім аудандық олимпиадада жүлделі І-орынды иеленіп, облысқа жолдама алдық. Облыстық дода оңай болмасы анық, дайындықты одан да күшейте отырып, күрделілендіре бастадық. Үміт үзілмеді, сенім ақталды. Барша ауданнан шыққан кіл жүйріктерден оқ бойы оза шауып республикалық олимпиадаға жолдама алдық. Алда үлкен белес, үлкен үміт, үлкен дода. Артымызда бүкіл облыстық артқан сенімі тағы бар. Бұл жолда балаға қорқыныш емес оның білімі мен алғырлығына күш беріп, дайындықты күшейте түстік. Керемет нәтижеге жетерімізге бар күш-жігеріміз бен білімімізді саламыз.
        Ойымды қорытындылай келе айтарым, ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім апат алып келеді» дейді. Бұл балаға білім беру барысында тәрбие мен білімді қатар ұстап жүргенде, осы екі басты тең ұстай білген кезде ғана еңбектің жемісті болуы байқалады. тәрбиелеу деп жеңіл айтылғанымен ұқыптылық пен тиянақтылықты, шеберлік пен байқампаздықты қажет етеді. Сол себептенде әрбір ұстаз осы мамандықты таңдар алдын елдің ертеңі үшін не жасай алатынын нақты біліп барып күрделі жолға түсуі міндетті деп ойлаймын.
    Исахов Даулетбек Миктибекович,
«Кенесары хан атындағы №62 ЖББМ» КММ физика пәнінің  мұғалімі.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ДЕНСАУЛЫҚ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫНЫҢ БІРІ – ДЕНЕ БЕЛСЕНДІГІ

        ...

ҚОСЫМША ТАМАҚТАНУ: БАЛАҒА ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК?

        ...

ТІС САУЛЫҒЫ – ТӘН САУЛЫҒЫ

      Тіс ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

        ...

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

        ...

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...