Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮП-ТАМЫРЫМЕН ЖОЙЫЛУЫ ТИІС - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮП-ТАМЫРЫМЕН ЖОЙЫЛУЫ ТИІС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҮП-ТАМЫРЫМЕН ЖОЙЫЛУЫ ТИІС

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың сондай-ақ, оларға теңестірілген қызметкерлердің лаузымдық өкілеттерін және оған сәйкес мүмкіндіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда алу, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктермен артықшылтарды алу. Бұл адамдардың және заңды тұлғалардың аталған игіліктермен артықшылықтарды құқыққа қарсы бару арқылы сатып алуы, яғни қызмет бабын пайдаланып, заңға қарсы әрекет жасау.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін тек парақорлыққа әкеп тіреу дұрыс болмас еді. Белгілі бір лауазымды адамдардың өзі қызмет бабын асыра пайдалана отырып, теріс іс әрекеттерге баратын болса, мемлекеттік билікке көленке түсіреді және заң алдында жауап береді.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кез-келген қоғам мен мемлекет үшін ерекше мәселе. Себебі, бұл қауіпті құбылыс тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Қылмыстың бұл түрінің құйтыртқасы да тұрпаты да бөлек. Жеке адамдар мұндай келеңсіз жағдайға тап келсе, ең әуелі сенімін жоғалтады.

Сондықтан қоғам үшін жемқорлық әр уақтытта да қатерлі індет болып саналады, ал оны жою – барша адам үшін міндет, сонда ғана келеңсіздіктерді жоюға болады.

Қазір пара алушылар ғана емес, сонымен бірге пара берушілер де жазаланатынын ұмытпау қажет. Әрдайым қызмет бабында теріс әрекеттер жасайтын адамдардың жең ұшымен қол жалғастырып заңсыз пайда табуға заңды айналып өту үшін пара беретіндердің әрекеттері де көрінбей қалмайды. Сол үшін уақыты келгенде заң алдында жауап береді. Соны естен шығармау керек.

Ғ.ЖУМАДИЛОВ,

Мақтаарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, м.у.а азаматтық қорғау подполковнигі, 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...