ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша – 2020 жылдың 1 желтоқсанында Қытай мен Қазақстан арасындағы автомобиль бекеттері жабылады.
Бірақ, 2020 жылдың 2 желтоқсанында бұл өткізу бекеттері жұмыстарын қайта істей бастайды. Сол себепті де МКК орынсыз дүрлікпеуге шақырады. Сонымен қатар, МКК тауар тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескертіп үйлестіруді сұрайды.