2D сканерлерін міндетті түрде алуы керек
Posted by: Қалмұрат
in Билік, Жаңалықтар, Экономика
01/12/2020
10 Views
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 26.05.2020 жылғы № КГД-14-5-14/2485-И санды хатына сәйкес келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы болып айқындалды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі темекі бұйымдарының өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналымының барлық кезеңдерін қамтиды. Әр кезеңде субъектілер таңбалау кодын оқуды жүзеге асырады, темекі бұйымдары тұтынушыға өткізілгеннен кейін темекі өнімі айналымнан шығарылады. Сол үшін темекі өнімдерінің саудасымен айналысатын кәсіпкерлер 2D сканерлерін сатып алып алған темекі өнімдерін сканерлеуі тиіс.
Осыған байланысты темекі өнімдерінің саудасымен айналысатын кәсіпкерлер темекі өнімдерінің кодтарын оқуға арналған 2D сканерлерін міндетті түрде алуы керектігін хабарлаймыз.
Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
2D сканерлерін міндетті түрде алу Темекі өнімдерінің саудасымен айналысатын кәсіпкерлерге Хабарландыру 2020-12-01