Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
БІЗДІ АКАДЕМИКТЕР «ТАПТАП ТАСТАЙТЫН» ЕДІ – ДҰРВҰДХАН СҰРАҒАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » БІЗДІ АКАДЕМИКТЕР «ТАПТАП ТАСТАЙТЫН» ЕДІ – ДҰРВҰДХАН СҰРАҒАН

БІЗДІ АКАДЕМИКТЕР «ТАПТАП ТАСТАЙТЫН» ЕДІ – ДҰРВҰДХАН СҰРАҒАН

baribar.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «ADAL BILIM» жобалық офисінің алаңында«Ғылымды қаржыландыру мен ғалымдарды қолдауда қандай проблемалар бар?» тақырыбы талқыланды. Тікелей эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның «Ғылымды қаржыландыру жүйесі қайта қарауды талап етеме?» деген сұрағына 29 жасында халықаралық сыйлыққа ие болған математик Дұрвұдхан Сұраған жауап берді.
«Бізде у-шудың бәрі Ұлттық ғылыми кеңестен шықты, Ғылым туралы заңның әлсіздігінен шыққан жоқ. Бізде ғылымды қаржыландыру жүйесінде бірден бір өз функциясын дұрыс атқарып жатқан ұйым – Ұлттық сараптама орталығы. Дұрыс бағалап, қолдау көрсеткені арқасында жас ғалымдар елге де, әлемге де таныла бастадық. Әйтпесе бізді академиктер “таптап тастайтын”  еді» – дейді математик жас ғалым Дұрвұдхан Сұраған.
Оның айтуынша, егер Ұлттық ғылыми кеңес дұрыс жұмыс жасаса, ғылым саласындағы барлық проблема шешіледі, қазір барлық құзіреттілік соларда. Қазақстанда ғылымды қаржыландыруда ҰҒК ең жоғарғы ұйым.
«Бірақ біздің менталитетіміз келмейді, жас мемлекет екенбіз. Бізде Ұлттық  ғылыми сараптау орталығы жұмысын жақсы істейді. Сондықтан халықаралық жобадан балл алып келген жобаларға ҰҒК араласпауы керек, экспертиза жасауға олардың мүмкіндігі де, уақыты да, эксперттері де жоқ. ҰҒК деген қоғамдық жұмыс, тексергені үшін айлық төленбегендіктен экспертиза талап етуге де хақымыз жоқ. Әрқайсысы өзінің жұмысы бар адамдар емес пе?» деген пікір білдіре келесе, мәселені шешу жолдарын ұсынды.
«Шешімі мынандай. ҰҒК-ға жемқорлыққа итермелейтін шешім қабылдауға мүмкіндік бермеуіміз керек. Ғылыми сараптау орталығына контролді күшейту, дұрыс қадағалау. Ғылыми зерттеудің өту ұпайын 20-дан 24-көтеру  қажет. Балл алып келген кезден бастап ақшасын беру керек. Жобалар өту баллынан өтпей қалса, ақшаны келесі жылға қалдыру керек. Ал бізде таратып береді. Өткен жылы 10%, 15% үстінен қосып берген жағдайлар болды. Бұл ұят нәрсе. Бұл бюджеттің ақшасы, артылса келесі жылға қалдыр немесе үкіметке қайтарып бер. Бізде міндетті түрде игеру керек деген қате түсінік бар» – дейді жас ғалым.
ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...