Қазақстанда автобуспен жолаушылар тасымалы қалай дамуда
Posted by: Қалмұрат
in Әлеумет, Жаңалықтар, Қоғам, Экономика
02/12/2020
47 Views
Жолаушыларды автомобильмен тасымалдау үлесіне көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудан жолаушылардың 76% – ы немесе жылына 17 млрд.сапар келеді.
Бұл тасымалдар Қазақстанда бірыңғай жоспарға сәйкес дамуда. Ол «Қазақстан Республикасында автомобиль көлігінде қалалық жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені» – деп аталады. Оны әзірлеу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2020 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде тапсырылды.
Кейін құжат мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтармен келісілді. 25 қарашада шаралар кешені ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілді.
Шаралар кешені мыналарды қамтиды:
– тарифтерді және әлеуметтік маңызы бар маршруттар тізбесін өзектендіру;
– қалалық автобустар паркін жаңарту үшін әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды толыққанды субсидиялауға;
– 2021 жылдың соңына дейін электронды билеттерді енгізу және онлайн диспетчерлеу;
– мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруды шектеуге;
– мемлекеттің қатысуымен автобус кәсіпорындарын құруға тыйым салу мәселесін пысықтау;
– газмоторлы отынмен немесе электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін автобустарды сатып алуды ынталандыру;
– жолаушыларды автобуспен тасымалдау саласындағы заңнаманы өзектендіру.
Шаралар кешенін іске асыру бүкіл ел бойынша қалалық автобус жолаушылар тасымалын дамытуға жағдай жасайды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігінің баспасөз қызметі.
Жолаушылар тасымалы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шаралар кешені 2020-12-02