Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
2020 жылдың желтоқсанына арналған консультативтік ауа райы болжамы - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » 2020 жылдың желтоқсанына арналған консультативтік ауа райы болжамы

2020 жылдың желтоқсанына арналған консультативтік ауа райы болжамы

Желтоқсан – қыстың алғашқы айы. Желтоқсан айында Сібір антициклонының одан әрі күшеюі байқалады, ең ұзақ түндер мен қысқа күндер тіркеледі.
Ауа температурасы төмендей береді. Каспийдің шығыс жағалауындағы ауаның орташа айлық температурасы әлі де оң таңбалы, 1°С-қа дейін, республиканың қалған аумағында ол оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 0 -5°С -тан солтүстік пен шығысқа қарай -13-18°С-қа дейін төмендейді. Ең төменгі орташа айлық ауа температурасы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында -20-24°С болады.
Қарашадан желтоқсанға дейін Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын мөлшері азаяды, ал оңтүстікте керісінше ұлғаяды және оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың тау және тау бөктерлі аудандарында 25-50 мм, Шығыс пен Оңтүстіктің тауларында 51-200 мм (метеорологиялық бақылаулардың барлық кезеңі бойынша), батыста 32 мм-ге дейін, республиканың солтүстік және орталығында 10-24 мм-ді құрайды.
Солтүстік аумақтарда жауын-шашын қар түрінде түседі, жаңбыр сирек жауады (10 жылда 2-3 рет байқалады). Оңтүстік облыстарда жаңбыр айына 1-4 рет, қар аралас жаңбыр айына 1-3 рет жиі жауады.
Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік жартысында, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23°С-қа дейін, күндіз -5-13°С дейін аяздың әлсіреуі болжанады.
Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С-тан 8-16°С-қа дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжанады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда көбінесе қар түріндегі қатты жауын-шашын күтілуде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжануда. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан  -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.
Суық толқындардың оралуы күтілуде:
республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді;
Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді;
елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.
Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.
Сонымен, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы қалыпты деңгей шамасында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында қалыпты деңгейден 1°С төмен болады деп күтілуде.
Жауын – шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде қалыпты деңгей шамасында, Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік жартысында, Ақмола облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан және Жамбыл облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында белгіленген талаптан көп, Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік жартысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батыс жартысында қалыпты мөлшерден аз болжанады.
Ескертпе: бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.
ҚАЗГИДРОМЕТ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...