Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ

HALYK BANK ХАЛЫҚҚА ГАЗ ОРНАТТЫ

Halyk Bank әлеуметтік осал тобына  жататын отбасыларға тегін газ қосты.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кредит беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Осы орайда, Halyk Bank әкімдіктің бұл бастамасын қолдап, газ орнатуға пайызсыз кредит беруден бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға газды тегін орнату жобасын бастап кетті.


«Жоба халықтың әлеуметтік осал тобынажататын және өз үйлерін газбен жабдықтағысы келетін басқа да қала тұрғындарын қамтиды.Көмір жағу қаланың ауа тазалығына кері әсерін беретінін білеміз, сондықтан Halyk Bank халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын тұрғындардың үйлеріне газды тегін қосады. Алматы әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес, үйге газды тегін қосу ғана емес, онымен қоса барлық қажетті газ жабдықтарын сатып алуға да көмектесеміз. Ал, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы қатарына жатпайтын алматылықтар үшін пайызсыз кредит ұсынамыз. Бұл біздің қаламыздың әуе бассейнін тазартуға қосқан үлкен үлесіміздің бірі», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Әрбір үйге газ орнату бойынша қажетті жұмыстарды Temel Group Stroy компаниясыатқаруда. Атаулы ұйымның атқарушы директоры Аслан Төлеутаевтың айтуынша, газ орнату жұмысы жеке қаралады. Мәселен, кейбір үйлерде пеш орнатуға арналған бөлек бөлме салу қажет болса, ал кейбір үйде есік немесе терезені ауыстыруға тура келеді. Яғни, газ орнатуға қажетті жабдықтардан бөлек, басқа қажетті тауарды алу, оны орнату жұмыстарын да атқарамыз – деді Аслан Төлеутаев.


«Мен үйді жиырма жыл бойы көмір жағып, жылытып келемін. Маған бұл өте қиын еді, өйткені аяғым ауырады. Енді, міне Halyk Bank-тің арқасында менің арманым орындалды, бүгін менің үйіме газ қосылды. Бұл игі іске ризашылығым шексіз», – деді зейнеткер, 3-топ мүгедегі Галина Гончарова.

Жалғыз басты ана Гүлбахрам Бултакова:«Бұрын қызым екеуміз бөлменің дәл ортасында тұрған пешті жағуымыз керек еді. Банктің қолдауының арқасында үйге газ жеткізіліп, үйге жылу жүйесі орнатылды. Олар пеш тұратын бөлмені де өздері тұрғызды, мен Банкке шын жүректен ризамын».

 Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ қосу үшін Halyк Bank 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бүгінгі күні  10 отбасыға газ тегін орнатылды, жыл соңына дейін Наурызбай және Алатау ауданы бойынша 70 астам үйге тегін газ тарту жоспарланған.

Онымен қоса, кез келген Алматы қаласының тұрғындары газ жабдығын орнату үшін пайызсыз кредит алу мүмкіндігі де бар.

✓ Сыйақы мөлшерлемесі – 0%;
✓ Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%
✓ Кредиттеу мерзімі – 18 айға дейін
✓ Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸ мөлшерінде

Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар келесі қадамдарды орындауы қажет:

– қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

– газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен келісім жасау;

 осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы  Halyk Bank–тің екі бөлімшесінің біріне хабарласу қажет:

✓ Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
✓ Әуезов ауданы,  «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО

Бағдарлама туралы толығырақ Банк сайтынан танысуға болады:

https://halykbank.kz/kz/credit/kreditgaz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...