Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚЫСҚЫ СОРШАЮДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ ЖӘНЕ ТҰЗДАН АРЫЛТУ ШАРАЛАРЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » ҚЫСҚЫ СОРШАЮДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ ЖӘНЕ ТҰЗДАН АРЫЛТУ ШАРАЛАРЫ

ҚЫСҚЫ СОРШАЮДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ ЖӘНЕ ТҰЗДАН АРЫЛТУ ШАРАЛАРЫ

 Аудандағы өзекті мәселенің бірі – ТОПЫРАҚТЫ ТҰЗДАН АРЫЛТУ мәселесі #МақтаШаруашылығыТәжірибеСтанциясы мен тікелей эфир ұйымдастыру арқылы  қажетті ақпарат шаруаларға жеткізілді.
Бүгінде жер асты тұзды суларын жер бетінен 2,5-3,0 метр төменгі қабатта бір деңгейде ұстап, топырақтың сортаңдануына жол бермейтін, аймақтағы тік дренаждардың толық жұмыс істемеуіне байланысты, жер асты сулары жер бетіне жақындап, топырақтың екінші тұздануына және өнімділіктің төмендеуіне соқтырып отыр.
Тез еритін, физиологиялық өте зиянды NaCl, MgCl, MgSO4 тұздар құрамы, өсімдіктің тамыр жаятын қабаттарында, мерзімдік зиянды тұздар құрамы жиналып, күзге қарай бұл тұздардың құрамы тағы еселеп көбейеді. Бұл зиянды тұздар, жер асты суларымен, топырақтың жоғарғы қабаттарына көтеріліп, өсімдік тамырларын күйретіп, мақта қозасының өнімділігін күрт төмендетіп жібереді. Сондықтан да бұл тұздармен күресу үшін агромелиоративті шаралардың тиімді әдісі, топырақтың әр түрлі сортаңдануына байланысты тиімді сор шаю мөлшерлерін қолдану қажет.
Мысалы, егер де, әлсіз-орташа сортаң жердің сорын шаю үшін, гектарына мөлшерден тыс, жоғары 4000-5000 текше метрден аса су жұмсалса, ал су алатын үлкен суландыру арықтарындағы тұздар құрамы 1,0 г/л көрсеткішін есепке алсақ, онда мақта және басқа дақылдар егілетін алқаптарға 5 тоннадан астам зиянды тұздар құрамы қайтадан егіс алқаптарына ағып келеді деген сөз.
Сондықтан да, топырақтың әр түрлі сортаңдану жағдайын білмей, үлкен көлеммен апталап суару – ол ғылыми-тұрғыдан дұрыс емес, бұл өз кезегінде топырақтағы тұздар құрамын қайта ұлғайтып, топырақты тығыздап, көлем салмағы ұлғайып кетеді. Тығыздалған топырақтарда дақылдардың тамырлары терең бойлап өспейді, топырақтағы зат алмасу тіршілігі нашарлап, дақылдардың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді.
Сор шаю жұмыстарын, топырақтың сортаң дәрежесін ескере, ғылыми тұрғыдан дәлелденген мөлшермен тиімді мерзімде жүргізгенде ғана, топырақ тұздары қарқынды шайылып, топырақ сортаңдары төмендеп, кепілді мол өнім алуға жағдай жасалады. Осылардың барлығы шаруаларға жан-жақты түсіндірілді.
 Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...