Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН «СОНАР-2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » ҚҰСБЕГІЛІКТЕН «СОНАР-2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

ҚҰСБЕГІЛІКТЕН «СОНАР-2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Алматы облысы,  Еңбекшіқазақ ауданы, «Төле би» ауылының аумағы.  «Қыран» дәстүрлі аңшылық және экотуризм орталығында 3-6 желтоқсан аралығында құсбегіліктен «Сонар-2020»  республикалық  турнирі өтуде.
Бүркіт салып, сятшылық құру – тым ертеден қалыптасқан дәстүр, ақсүйек өнер, ұлттық мәдениет. Ұлы Абай  құс салуды  пәни дүниедегі «ешкімге зияны жоқ» қызық іс десе,  Мұхтар Әуезов «адамды ақындық күйге жеткізетін, шабыт сыйлайтын  өнер» деп бағалаған. Қазақ тарихында саятшылық өнердің: Арқа, Жетісу, Тарбағатай, Еренқабырға, Боғда, Алтай-Сауыр  секілді бірнеше мектебі болғаны белгілі. Қыран бүркіт салып – қасқыр, түлкі, елік,  аң алдыру; бидайық, лашын, сұңқар, қаршыға салып – аққу, қаз, құс ілдіру; жүйрік ат, қыран бүркіт, түзу мылтық ұстап саяткер-бапкер, болу,  әдетте,  қарашадан бастап, ақпанның аяғына дейін Ұлы Даланың төскейі  аң аулап, бай табиғатты тамашалау, еркін табиғат ғажаптарынан ләззат алу, рахат табудың дүбірлі дәурені әр қазақтың қанында болғаны анық.
Бүгінде ұрпақ санасынан өше бастаған халқымыздың ежелгі дәстүрі, өресі биік өнерін қайта жаңғырту мақсатында, осыдан тура 34 жыл бұрын алғаш рет Алматы облысында шаңырақ көтерген «Жалайыр Шора» Бүркітшілер мектебінің арқасында, республикада бұл салада ілгерілеушілік анық байқалады. Алматы облысында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Сонар» жарысының жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жүлде қорының өзге өңірлерге қарағанда жоғары болуы, облыстық Әкімдіктің Спорт басқармасының қолдауы,«Қыран» Федерациясының тығыз байланысының нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз – халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы сан ғасырлық арман-тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз. Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл болады. Бұл мерейлі дата – Егемен еліміз үшін аса маңызды меже. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы» дегендей, көк Туымызда қанат қаққан киелі Қыранның мәртебесін асырып, ұрпақ санасында сақталуын мақсат тұтып, биыл осы айтулы жарыс өтіп жатқан жерде  «Қыран» дәстүрлі аңшылық және экотуризм Орталығы шаңырақ көтеріп, әлем назарын аударып отыр.
«СОНАР – 2020» Республикалық Турниріне 10 команда қатысып отыр. Еліміздегі эпидахуалға байланысты әр өңірден екі бүркіт, бір қаршыға, бір сұңқар, бір аңшылық ит-тазы, жиыны бестен аспауы тиіс деген қатаң  тәртіппен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, «Қыран Федерациясы», «Қансонар» аңшылық бірлестіктер  және аңшылық шаруашылық субьектілері республикалық Қауымдастығы  бекіткен Регламентке сәйкес өткізіледі.
Жарыс екі кезеңнен: құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, бүркіттерді қолға шақыру, шырғаға, қоянға салу, ал, ителгі, қаршығалар қолға шақыру, далбайға шақыру, кептер, қырғауылға салу секілді жартылай финал аяқталған соң, финалда- бүркіттер түлкіге салынса, қаршыға мен ителгілер қоянға жіберуден тұрады. Сонымен қатар, аңшы иттер (тазы) жарысы да қатар өтеді.
  Ұйымдастыру комитеті. «Қыран» Федерациясының атқарушы директоры  – Бағдат Мүптекеқызы.Байланыс тел. 8-701 455 77 30; 8 777 016 80 02 (ұялы тел.)  эл.почта kyran_kz@mail.ru.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...