-
Шегенің өткір ұшын өсімдік майына батырып алсаңыз ол ағашқа тез әрі оңай кіретін болады.
-
Алебастрды сүтке араластырсаңыз, ол жайырақ қататын болады. Соның нәтижесінде сіз ойға алған шаруаңызды асықпай орындай ала аласыз.
-
Жаңа ғана түскиіз (обой) жабыстырылған ғимаратты бірнеше күн бойына желдетпеу керек. Әйтпесе түскиіздің желімі ажырап кетеді немесе оның арасында ауа пайда болуы мүмкін.
-
Ашық түсті бояулар немесе түсқағаздарды қолдана отырып, ғимараттың ішін көзге әдеттегіден де кеңдеу етіп көрсетуге болады.
-
Жуыну бөлмесіндегі қосымша сорғыштар, ол бөлмені артық ылғалдан қорғай аласыз.
-
Пластикалық бөтелкеден бояуды құюға және араластыруға арналған ыдыс жасауға, ал оның мойнын шетканы қоятын орынға айналдыруға болады.
-
Айнаны тазалау үшін спиртке немесе одеколонға малынған мақтаны қолдансаңыз, тиімді нәтижеге жете аласыз.
-
Егер қара түсті жиһаздардағы дақтарды барынша кетіргіңіз келсе, онда антистатистикалық әсері бар майлықтарды қолданыңыз.
-
Жуыну бөлмесіндегі кафел плиталарды сірке суы қосылған сумен (1:5 мөлшерінде) сүрту пайдалылырақ.
-
Плиткалар арасындағы қуыс жерлердің кір-қоқысын жою үшін дәретхананы тазартуға арналған хлорлы ерітінді мен шеткаларды пайдаланыңыз. Сонда 10 минут өтпей-ақ плиткаңыз жылтырап тұратын болады.
Tagged with: кеңестер. Үй шаруашылығы