Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ МЕҢГЕРГЕН МАМАНДАР НЕГЕ АЗ? - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ МЕҢГЕРГЕН МАМАНДАР НЕГЕ АЗ?

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ МЕҢГЕРГЕН МАМАНДАР НЕГЕ АЗ?

Жұмыс берушілердің айтуынша, еңбек нарығында ағылшын тілін жетік меңгерген қазақ тілді мамандар жетіспейді. Қазіргі таңда екі тілді тең дәрежеде игерген қызметкерлерге деген сұраныс әлдеқайда артқан. Десе де ондай мамандарды даярлайтын білім ордалары жоқтың қасы. Аталған мәселе ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» алаңында талқыланды.
 «Бұрын қазақстандық бірнеше университетте қазақ-ағылшын  тілдерін оқытатын мамандықтар болған. Бірақ олардың ғұмыры ұзақ болмады, себебі ол кезде нарықта сұраныс қазіргідей емес еді. Ағылшын тілі күннен күнге қажет болып келе жатқанын байқап отырмыз. Қазір нарықта қостілді мамандарға сұраныс бар. Бірақ сол мамандардың өзін белгілі бір салаға бейімдеп даярлау қажет деп ойлаймын», – дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Білім академиясының директоры Ұлан Еркінбай.
Эфирге жұмыс беруші ретінде қатысқан «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығының академиялық директоры Нұрлан Иманғалиев шетелдік материалдарды қазақ тіліне аударған кезде туындайтын қиындықтар жайлы пікірін білдірді.
 «Бұл мәселені жұмыс беруші ретінде қарастырсам, екі проблема туындайды. Біріншіден, материалдарды аударатын кезде екі есе қаржы жұмсаймыз. Ағылшын тілінен алдымен орысшаға, одан кейін қазақ тіліне аудару керек. Себебі қазақ және ағылшын тілдерін тең дәрежеде білетін мамандар аз. Екіншіден, ақпаратты алдымен орыс, кейін қазақ тіліне аударғанда мағынасы өзгеріп кетеді. Сондай-ақ менің ойымша, қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де ағылшын тілін білгені дұрыс. Себебі ағылшын тілін білетін мұғалімдер жаңашылдыққа жақын, көзі ашық болады»,- дейді Нұрлан Иманғалиев.
Жоғарыда аталған мәселені шешу мақсатында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-де биыл «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасы ашылған. Бағдарлама жетекшісінің айтуынша, бұл мамандыққа түскен студенттердің қосымша мамандықтарды меңгеріп шығуға мүмкіндігі бар.
 «Бұл мамандыққа ҰБТ-ға «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнін таңдаған түлектерді қабылдаймыз. Абитуриенттің ағылшын тілі бойынша деңгейі төмен болса да қабылдап, басынан үйретеміз. Мақсатымыз – ағылшын тілінен аударғанда орыс тілін пайдаланбай, бірден қазақ тіліне аударатын мамандарды дайындау. Қазіргі таңда қазақ тіліне қызығушылық танытып жатқан шетелдік азаматтар бар. Олар да орыс тілін білмегендіктен қазақ тілінде білім алады. Бұл мамандыққа түскен студенттер «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту», «Медилингвистика» (журналистік дағдыларды үйрету), «Аударма ісі» сияқты қосымша мамандықтарды алып шығады», – дейді М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының жетекшісі Ақерке Салимова.
ҚР БҒМ «ADAL BILIM» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...