Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АЛАЯҚТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР СТАТИСТИКАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АЛАЯҚТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР СТАТИСТИКАСЫ

АЛАЯҚТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР СТАТИСТИКАСЫ

Мемлекеттік техникалық қызмет 2020 жылдың қараша айында Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі ақпараттық қауіпсіздіктің 1 453 инцидентін анықтап, пысықтағанын хабарлайды.2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда фишингтік шабуылдар саны 83% – ға өсті, ал тіркелген зиянды БҚ саны 93% – ға артты. Егер 2019 жылдың қараша айында фишингтік шабуылдар саны 19 болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 115-ке дейін өсті, зиянды бағдарламаларға келетін болсақ, онда  2020 жылы 145, ал 2019 жылы тек 10 инцидент тіркелді.
Сондай-ақ, Электрондық поштаның бірыңғай шлюзі (ЭПБШ) мемлекеттік сектордың электрондық мекенжайларына бағытталған  спам – жіберілімдер ретінде сыныпталған 33 430 хатты, оның ішінде тіркемеде зиянды бағдарламалық қамтылымды қамтитын және карантинге орналастырылған 1 574 хабарламаларды таратуды тоқтатты.
Ағымдағы жылдың қараша айында зиянды БҚ мен фишингтік интернет-ресурстардың өсуіне назар аудара отырып, сарапшылар мынадай ұсынымдарды ұстануды ұсынады:
  1. Егер сіз белгісіз мекенжайдан хат алсаңыз және хатта күдікті интернет-ресурстарға қосымша немесе сілтеме болса, онда мұндай хаттарды ескермеуге немесе incident@kz-cert.kz мекенжайына жіберу керек;
  2. Кірістірілген файлдарды белгісіз жіберушілердің күдікті хаттарында ашпауға кеңес береміз;
  3. Қажетті бағдарламалық қамтылымды тек ресми интернет-ресурстардан жүктеп алуға. Ресми емес веб-парақтар сияқты басқа сілтеме көздерін зиянды БҚ тарату үшін пайдаланылуы мүмкін;
  4. Сіздің жұмыс станцияңызда орнатылған БҚ қосымшалардан тікелей немесе БҚ әзірлеушілері ұсынатын құралдардың көмегімен жаңарту қажет;
  5. Сіздің дербес компьютеріңізде лицензиялық бағдарламаларды іске қосқан кезде, зиянды БҚ жүйеге зиян келтіруі мүмкін, сондай-ақ БҚ әзірлеушісі шығарған тұрақты жаңартулардан айыруға себеп болатын бөгде құралдарды пайдалануға тыйым салынады;
  6. Сенімді вирусқа қарсы немесе тыңшылыққа қарсы бағдарламалық қамтылымды қолдана отырып, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге операциялық жүйені үнемі тексеріп отыру өте маңызды;
  7. Егер сіздің компьютеріңіз әлдеқашан залалданған деп ойласаңыз, зиянды бағдарламалық қамтылымды автоматты түрде жою үшін вирусқа қарсы сканердің немесе вирусқа қарсы БҚ көмегімен сканерлеуді іске қосуды ұсынамыз.
Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентіне тап болсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) тегін нөмірі бойынша хабарлауды немесе http://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтемесі бойынша өтінім жіберуді немесе email: incident@kz-cert.kz хат жолдауды сұраймыз.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Баспасөз қызметі.
Тел: +7-717-255-99-97 ( ішкі 351)
      +7-702-176-36-66 (моб)
E-mail: press@sts.kz

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...