Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, аудан орталығы Мырзакент кентіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан орталық кітапхананың құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты.
Мырзашөл өңірінің тұрғындарының мәдениетін және интелектуалын дамытуға үлкен серпіліс беретін осы алып нысанды күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 309 миллион теңге қаржы қарастырылған.
Аудан басшысы кітапхана құрылысының талапқа сай жүргізіліп жатқанын қатаң тексеріп, жауапты басшыларға нысанды мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, орын алып жатқан кейбір кемшіліктер бойынша ескертулер жасады.
Мердігер мекеме «Корпорация ақ орда» ЖШС-ы тарапынан құрылысы жүріп жатқан нысан 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға берілуі тиіс.
Мақтааралдың орталық кітапханасында 50 мыңнан аса кітап қоры болады. Сонымен қатар, онда арнайы заманауи оқу залы мен оқу бөлмелері жұмыс жасайды. Оқушылар үшін балалар кітапханасы да жеке қарастырылған.
Мәдени нысанда түрлі ақын-жазушылардың, қаламгерлердің шығармашылық кешін өткізу мақсатында 200 орындық концерт залы да жұмыс жасайтын болады. Обан бөлек, тұрғындарды кітап оқуға қызықтыру үшін мәдени-шығармашылық клубтарды ашу жоспарлануда.
Айта кететін болсақ, қазірде Мырзакент кентінде орталық стадионның, даңқ аллеясының құрылыс жұмыстары да жүргізілуде.