Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТӘУЕЛСІЗДІК – БОЙТҰМАРЫМ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТӘУЕЛСІЗДІК – БОЙТҰМАРЫМ

ТӘУЕЛСІЗДІК – БОЙТҰМАРЫМ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мен үшін ең қымбат нәрсе – елдің тәуелсіздігі. Тәуелсіздік алудан да, ең қиыны тәуелсізсіздікті сақтап қалу. Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуі тиіс. Сондықтан  да, біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған тарих танымды  ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет»- деп атап көрсетті.

Біз «Мың өліп, мың тірілген» халықпыз. Тәуелсіздік  үшін 300-ден астам үлкенді-кішілі азаттық көтерілістері,  ереуілдер мен толқулар болды. Ресей патшалығы 300 жыл, Кеңес билігі 70 жыл елімізге үстемдік етті, өз билігімізді өзімізге бұйыртпады. Ресей патшалығының саясатына қарсы – 1822-1825 жылдары Жоламан Тіленшеұлы, 1824-1825 жылдары Ғұбайдулла Уәлиханов, 1825-1836 жылдары Саржан Қасымұлы патша билігіне  қарсы көтерілістерге шықты. Ал, 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы, 1936-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, 1937-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдары Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрестер болса, 1986 жылғы желтоқсанда А лматы қаласында қазақ жастары көтеріліске шықты.

Тәуелсіздігіміздің арқасында мемлекетіміздің Ата Заңы қабылданса, халықаалық талаптарға сай басқа да мемлекеттік  рәміздеріміз – Әнұран, Ту, Елтаңба пайда болып, Біріккен Ұлттар ұйымына мүше де болдық. Ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді, бүгінде ол әлемдегі ең мықты валюталардың санатына енген. Еліміздің мемлекеттік шекарасын бейбіт жол арқылы халықаралық талаптарға сай белгілеп алса, Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазіргі таңда әлемнің 180-нен астам мемлекеттерімен экономикалық сауда-саттық жасаймыз.

Тәуелсіңздігіміздің арқасында АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония т.б. экономикасы қарқынды дамыған елдермен терезесі тең сөйлесе алатын елге айналдық. Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің арқасында жер көлеміміз бойынша дүние жүзінде  9 орын, табиғи байлығымыздың көптігі жағынанда әлемде алдыңғы қатарларда тұрмыз. Сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсек келешекте кемел елге айналарымыз анық.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ел астанасы Ақмола қаласында бой көтерді. Қазіргі кезде «Нұрсұлтан» қаласы еліміздің бас қаласына айналды. Ол әлемдегі сұлу, жаңа үлгідегі жастар қаласына айналды. 1,5 миллионнан астам адам тұратын бас қаламызда әлемдік деңгейдегі «Астана саммиті», «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті.  Қазақстан жерінде «Қысқы Азия ойындары», ауыр атлетика, бокс, т.б. спорттық жарыстардан әлем чемпионаттары өткізілді.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміз гүлденіп, білім мен ғылым, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамып, өрісіміз кеңейіп, танымастай өткерді. Атап айтсақ, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Түркістан т.б. қалаларында заманауи ғимараттар бой көтерді. Халықтың әілеуметтік жағдайы жақсарды. Халықаралық «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомобиль магистралы аяқталды. «Жаңа Жібек жолының» бойында көптеген мәдени нысандар салынып, ел шоғырланды.

Өкінішке орай, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жылдай уақыт болса да, әлі де әттеген-ай дейтін нәрселер жетерлік. Сондықтан да біз Тәуелсіздіктің көк байрағын жоғары ұстап, егемендігімізді көзіміздің қарашығындай қорғауымыз қажет.

Алдағы Тәуелсіздік күні құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болып, отбасымызға да құт-береке, жақсылықтар мол болсын!

  Құралбек СЫДЫҚОВ,

Мақтарал ауданының Құрметті азаматы,

Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі.

 

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...