Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ШЕБЕР ДЕ САТУШЫ ДА ӨЗІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ШЕБЕР ДЕ САТУШЫ ДА ӨЗІ

ШЕБЕР ДЕ САТУШЫ ДА ӨЗІ

Малсақ қазақ төрт түлігінің жем-шөбін, қора-қопсысын, жайылымын, тағы да басқа керек-жарақтарын түгелдеп жүреді. Иә, мал баққан адамға бәрі де керек. Әйткенмен, бүгінде даланы дүбірлетіп көкпар шапқан, бәйгеге түскен шабандоздарға жақсы ат әбзелдері табыла бермейтіні бар. Міне, осы олқылықтың орнын Атакент ауылындағы кәсіпкер Роза Арапқұлова толтырып отыр.
Роза өз бизнесін ашар кезде сұранысқа ие тауарларды зерттеген базарларда ат әбзелдері табыла бермейтініне көз жеткізген. Сосын күйеуі Бақытпен (суретте) ақылдаса отырып, осы жоқтың орнын толтыру, сондай-ақ өңірдегі шабандоздар мен атбегілердің тілектерін қанағаттандыру үшін ат әбзелдерін жасайтын шағын цех ашуды жоспарлапты. «Бизнес бастау» жобасы бойынша білім алып, мемлекеттен қайтарымсыз 505 мың теңге грант алған соң кәсібін бастап кеткен.
Бүгінде олар отбасымен ер-тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, айыл, қыл аяғы қамшыға дейін жасайды. Үш жүз мың халқы бар Жетісай, Мақтаарал аудандарында атбегілер аз емес. Бүгінде олар Атакентке Розаның дүкенін іздеп келеді.
– Бастапқыда «бұл бизнесіміз қалай болады?» деп тартыншақтағанымыз рас. Кейін ат әбзелдеріне сұраныстың көп екеніне көзіміз жетті. Күн сайын дүкеніміз келушілерден босамайды. Ат әбзелдерін жолдасым Бақыт жасайды. Ерді Қырғызстаннан әкелеміз. Алайда, қырғыз ағайындардың жасаған ері көңілімізден шыға қоймайды. Ер жылқының арқасына батпауы, ат үстінде отырған адам өзін жайлы сезінуі керек. Негізінен аттың көркі – жүген-ноқтасы мен ер-тоқымы. Бұрынғының сал-серілерінің жарау ат пен ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлгені белгілі. Айталық, Біржан сал, Ақан сері өмірінен көп дерек білеміз. Олардың жасанып киініп, жарамды ат мініп жүретінін кітаптардан оқыдық. Қазір де атының сұлулығына ерекше мән беретіндер бар. Сондықтан ендігі жерде ерді өзіміз шауып, шылбыр, құйысқан, жүген, ноқтаны өзіміз істейміз, кәсібіміздің дамуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалының директоры Нұргүл Әбдіразақова да көп көмегін көрсетіп келеді. Сол кісінің арқасында білім де алдық, грант та ұттық. Жалпы, жеке бизнесін дөңгелетемін дегендерге бүгінде жол ашық, – дейді Роза Арапқұлова бізбен әңгімесінде.
Иә, бүгінде Бақыт пен Роза ат әбзелдерін өздері жасап, арнайы дүкендерінде сатады. Шағын ғана дүкенде көздің жауын алатын ат әбзелдерінің неше түрі тұр. Еріксіз сүйсінесің.
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Мақтаарал ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...