Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ ОНЛАЙН-ЕМТИХАНДАР КЕЗІНДЕ ПРОКТОРИНГ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ

Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемия кезінде жоғары оқу орындары қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Бұл туралы Талғат Нәрікбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Қазіргі студент – болашақта сіз бен біздің өмірімізге әсер ететін маман. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек.  Кейін олар өзімізді емдейді, сотта судья болады, мемлекеттік қызметте жұмыс істейді және өзге де күнделікті пайдаланатын қызметтерді көрсетеді», – деді М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің төрағасы.
Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемнің озық университеттері қолдануда. Сапалы онлайн прокторингтірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалка пайдаланса немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды.
Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады.
Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, КАЗГЮУ қазіргі уақытта онлайн-прокторингті сәтті қолдануда.
«Онлайн форматта сапалы біліммен қамтамасыз етудің белгілері: білім алушылардың оқу контентінеқолжетімділігі, «e-learning»-ге арналған тұрақты жұмыс істейтін платформаның болуы, сабаққа қатысуды және материалды игеруді есепке алу, белгілеу, оқытушылардың студентпен әрқашан кері байланыста болуы, онлайн-емтихандарды өткізу  барысында  прокторингті қолдану. Яғни, онлайн білім беру кезінде офлайнмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс болған жоқ», – деп атап өтті Басқарма төрағасы.
М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...