Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ

ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ

Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі.  Ол әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Адам рухымен тікелей байланысты дін  адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді. Оны сан қырлы, күрделі және нәзік нәрсе. Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады.
Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Әлемдегі барлық діндерде адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, өз кемшіліктерімен күресуі туралы айтылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.
Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – Ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың Ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өткен. Содан бері ол қазақ жерінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін дүниетанымымыздың бөлінбес бір бөлігі болып келеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөледі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі болудан ешқашанда тыс қалмаған.
Бұған қоса жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атайтындығын атап айтуға болады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек»̶  деген болатын. «Отанды сүю̶ иманнан»̶ дейді халөымыз. Ұлттық рухта патриоттық, имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тағы бірде: «Ислам – дін ғана емес, ол – біздің мәдениетіміз»̶ деген ойлы сөзін ескерсек, Ислам дінін рухани мәдениеттің де ошағы деп санауымызға болады. Қазақ тәрбиесіндегі әдептілік қағидалары Құран хадистерінен алынып отыр. Хадис пен Сүннет мұсылман қоғамының іргетасын қалап, күнделікті өмірімізге сіңіп кеткендігін аңғаруға болады. Оның нәтижесін ата-бабаларымыз хадистердің мазмұнын мақал-мәтелге айналдырып халық арасында насихатталып жүруінен байқалады. Айталық, «Өтіріктен сақтан, себебі өтірік пен иман бір жерде болмайды»  ̶  деген хадисті, «Өтірікшіде иман жоқ»  ̶  деген мақалға айналдырып, өскелең ұрпақты өтіріктен бойын аулақ ұстауды үйреткен. Сол сияқты хадистердің ішінде мақалға айналып, халық арасында таралғандарға мысал ретінде:
  1. Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтарымы бар.
  2. Жарлы деп сөкпе, Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе, Құдайға тілің тиеді.
  1. Адамның ұяты бетінде, ал адамгершілігі ниетінде.
  2. Адамгершілік абырой алып береді.
  3. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
  4. Алла деп бастаған ісің алдымен бітеді.
  5. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
  6. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік, – деген мақал-мәтелдерді алуға болады.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесінің өзектілігі бар тақырыптардың бірі. Себебі, қазіргі жастар діни білімдерін алу үшін әлеуметтік желілерге, сайттарға жүгінуде. Соның арқасында әлеуметтік желілердегі теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кететіндер саны көбейіп жатыр. Сол себепті діни білім аларда Қазақстан мемлекетінің аумағында діни білім беруге рұқсат берілген ресми сайттардан, әлеуметтік желілердегі парақшалардан үйренгені жөн.
Қазіргі бейбітшілік заманда сарбаз, батыр дегеніміз  ̶ жаугершілік кезіндегідей қолына қару алып, жауға қарсы аттану емес. Заманымыз тыныш, бүгінгінің батыры ол – бейбіт заманның тыныштығын сақтау, елге қарсы емес, керісінше ел үмітін ақтау. Осы орайда Әл-Фараби атамыздың: «Адамға алдымен тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы»̶деген сөздерін еске ала отырып, бүгінгінің батыры  ̶  ол білім алып, білімінің туған халқына қарсы емес, ел мүддесі үшін жұмсайтындар дей аламыз.
М.САРМАН,
дінтанушы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...