Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ АЛАҢДАТУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ АЛАҢДАТУДА

АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ АЛАҢДАТУДА

Өңірімізде экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері өзектілігін жоғалтқан емес. Еліміз бойынша Павлодар облысы ластаушы заттар шығарындылары бар кәсіпорындар қатарында Қарағандыдан кейін екінші орынды «еншілеп» тұр.Өзекті мәселе өз кезегінде облыс пен мен оның маңайындағы атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту қажеттігін байқатады.
 Иә, еліміздегі экологиялық ахуал кім-кімді де алаңдатады. Қоршаған ортаны қорғау Қазақстанда, әсіресе өндірісі өркен жайған өңірімізде өзекті тұр. Экологиялық жүйенің бұзылмауына кепілдік беретін заң бар болғанымен ондағы талап пен жауапкершілікті сезінетіндер аз. Керісінше қоршаған ортаға бейжай қарайтындар көп. Өйткені, өзен-көлдерді ластайтындардың қатары азаймай тұр. Мұның ішінде ірі өндіріс орындары да бар. Себебі, ауаға таралатын лас қалдықтардың көбісі ірі өнеркәсіп орындарының үлесіне тиесілі. Өндірістен шыққан түтін атмосфераны бұзуда. Дегенмен, экология саласының мамандары өңірімізде қоршаған ортаны қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданып жатқан шаралар аз еместігін алға тартуда.
 – Соңғы жылдары экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріле бастады. Тіпті, облысымызда 2018 жыл «Экология жылы» деп жарияланған болатын. Мәселе бір жылда шешімін таппайтыны анық. Дегенмен, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижесін беруде. Кәсіпорындар өндіріске зиянды заттарды шығаруды азайтатын ең озық, әрі қолжетімді технологияларды орната бастады. Мұның бәрі аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуға оң әсерін тигізуі керек, – дейді Павлодар облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжанов.
Экология департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, облыстағы алпауыт кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау шараларына қомақты қаржы бөліп, ауқымды іс атқарып келеді. Жалпы, соңғы 5 жыл көлемінде бұл мақсатқа 59 млрд. теңге қаржы жұмсалған.
Байқағандарыңыздай, қоршаған ортаны қорғау мақсатында облыстағы ірі кәсіпорындар аянып жатқан жоқ. Тіпті, бұл мақсатта өңірдегі 15 ірі кәсіпорынэкология департаментімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Олардың қатарында, Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы, «Қазақстан алюминийі» АҚ, Павлодар мұнай-химия зауыты, «Нефтехим LTD», «Каустик» АҚ,  «KSP Steel» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС бар. Жасалған меморандум аясында атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған станциялар орнатыла бастады. Аталмыш станция алқашқыда сынақ режимінде іске қосылған болатын. Осылайша, Павлодар қаласының тұрғындары тұңғыш рет өндіріс орындарының ауаға тарататын зиянды қалдықтарының мөлшері туралы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды.
 Автоматтандырылған станцияны алғашқылардың бірі болып ЕRG (Еуразиялық Топ) құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты орнатқан болатын. Осылайша алпауыт кәсіпорынауаға таралатын зиян көлемін азайтуға бел буғандардың бірі болып, алғы шептен орын алды.
– Экологиялық кодекске сәйкес, мониторингтің екі түрі бар. Өндірістік және  жедел бақылау яғни операциялық мониторинг. Операциялық мониторинг бұл технологиямызда болып жатқан өзгерістерге бақылау жасайды. Ал өндірістік экологиялық мониторинг біздің кәсіпорындардан шыққан шығарындылар, тастандылар және қалдықтарды өлшеп,  олардың қоршаған ортаға әсерін бақылайды. Қазіргі таңда Павлодар алюминий зауытының санитарлық қорғау аймағында OPSIS экологиялық мониторинг жүйесі орнатылған. Алдағы уақытта мұндай бақылау жүйесін Еуразиялық топқа қарасты барлық кәсіпорын аумағына орнату жоспарда бар. Бұл тұрғындар алдындағы біздің жұмысымыздың ашықтығының дәлелі, – дейді Еуразиялық топтың бас экологы Талғат Төребеков.
Павлодар облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Дархан Есжановтың айтуынша, аталмыш станция ағымдағы жылдың шілде айына дейін сынақ режимінде бақылау жүргізген. Ал шілде айынан бастап нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге көшкен.
 -Мониторинг көміртегі оксиді, азот оксиді, азот диоксиді, күкірт диоксиді және жалпы шаң бойынша өлшеулер жүргізеді. Ондағы жасыл түс – ластанудың төмен деңгейін білдірсе, сары түс қалыпты денгейді көрсетеді. Ал жоғары деңгей қызыл түспен белгіленген. Қазіргі уақытта бақылау нәтижелері Павлодар қаласында орналасқан 5 LED экранда көрсетіледі,- дейді Дархан Есжанов. Бұл, Павлодар қаласындағы Естай көшесінің бойында орналасқан бекет. Ақпарат әрбір 12 минут аралықпен жаңарып отырады. Осылайша қала тұрғындары тәуліктің кез келген уақытында ауа сапасын бақылай алады.Міне, осылайша, Павлодар қаласының тұрғындары ақпараттың ашықтығына қол жеткізді.
 Айта кетерлігі, мұндай ақпаратты «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК сайтынан да алуға болады.
    Мұнда соңғы бір аптадағы атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпараттық анықтаманы көре аласыздар. Сонымен қатар, бұл бақылау жүйесінен қаланың нақты қай аумағы жоғары деңгейде ластанғанын байқауға болады. Мәселен, 2020 жылдың 17 қарашасы мен 23 қарашасы аралығында шекті-рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен 48 жағдай тіркелген. Павлодар қаласы бойынша Каз.Правда көшесінің аумағы айтарлықтай ластанғанын аңғаруға болады.
Павлодар алюминий зауытының қоршаған ортаны қорғау мақсатындаатқарып жатқан жұмыстары мұнымен толастамайды.Бұл бағытта жолға қойылған жұмыстардың бір парасы ретінде зауыттағы жаңғырту жұмыстарын айта аламыз. Жақында аталмыш кәсіпорындағы электрлі сүзгілерді қайта жаңғыртудың бірегей экологиялық жобасының алғашқы кезеңі мәреге жетті. Яғни, кәсіпорынға тазалау деңгейі 99,9% болатын «гибридті» сүзгілер орнатылды. Осылайша, өнеркәсіптік шығарындыларды шаңнан тазартудың ең заманауи жүйесімен жабдықталған қондырғы номиналды қуатқа жеткізілді.
– Еуропалық нормативтерге сәйкестендірілген жоба 2018 жылы бастау алған. Бірегей экологиялық бағдарлама – Еуразиялық Топтың экологиялық жаңа стратегиясын іске асырудағы алғашқы қадамдарының бірі. Бұл жобаны жүзеге асыру өндірістік көрсеткіштерді тұрақты ұстап тұру кезінде шаң шығарындыларын жылына 2000 тоннадан асатын мөлшерде азайтып, біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңа жабдық жалпы қаладағы атмосфералық ауаға оң әсер етеді, – дейді Еуразиялық Топтың бас экологы Талғат Төребеков.
Талғат Төребековтің айтуынша, жаңадан орнатылған электр сүзгілерінің басты артықшылығыолар «гибридті». Яғни, жартылай электрлі, жартылай маталы сүзгі (рукавный фильтр). Әлемде бұл «гибридті» технология өнеркәсіптік газ шығарындыларын шаңнан тазарту тұрғысында озық болып саналады. Алғашқы екі сүзгіні сатып алуға және монтаждауға шамамен 11 млн. АҚШ доллары жұмсалған. Бас мердігер – ThyssenКrupp неміс компаниясы. Оның мамандары барлық есептеулерді жүргізіп, жаңа электр сүзгілерінің негізгі элементтерін жасаған.
Атмосфераға жіберілген шығарындыларға жүргізілген алғашқы сынама жаңадан орнатылған қондырғылардың тұрақты әрі жақсы жұмыс істейтінін дәлелдеген. Жалпы, алдағы он жыл көлеміндезауыттағы сүзгілерді толықтай жаңғырту жоспарланған. Олардың барлығы қазіргі заманауи жүйелермен автоматтандырылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды жоба аясындағы алғашқы сүзгі ағымдағы жылдың басында іске қосылған. Сол уақытта екінші сүзгіні орнатудың да құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Алайда, әлемді жайлаған індет салдарынан жұмысты аяқтау мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізілген. Соған қарамастан, ThyssenKrupp компаниясы мен «Қазақстан алюминийі» АҚ мамандары осы ауқымды жұмысты сәтті аяқтаған.
Міне, осылайша ЕRG-дің экологиялық стратегиясының аясында Павлодар облысындағы экологиялық ахуалдың беті бері қарай бастады. Кәсіпорын өкілдері  тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, қоршаған ортаны қорғауға барынша бет бұрып келеді. Жүйелей жасаған жұмыс нәтижелері де жоқ емес.  Халықтың қамы үшін жасалған мұндай істер өзге де кәсіпорындарға үлгі болады деген ойдамыз.
Мереке  АМАНТАЙ, Павлодар қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...