Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ!

АСЫЛ СӨЗДІ ІЗДЕСЕҢ, АБАЙДЫ ОҚЫ, ЕРІНБЕ!

Биыл мемлекетімізде  тойланып жатқан әлем таныған Әл-Фарабидің бір мың бір жүз елу жылдығы, қазақтың ұлы ұстазы-қара өлеңнің киесі Абайдың жүз жетпіс бес жылдығы, ата заңымыздың жиырма бес жылдығы – еліміздің рухани өміріндегі ерекше белес ретінде аталып өтуде.
Абай атамыздың  1880-ші жылдардың екінші жартысында жазылған өлеңдерінің ішінде, біздің көңілімізді өзіне қарай ерекше бұрған бір топ өлеңдері бар. Ол – көңіл-күй лирикалары. Бұл, ақынның өз ойымен халық мұңын қоса мұңдаған ойшылдық, сыршылдық үлгідегі терең толғаулары.
Оның әлеуметтік мазмұны терең, заман шындығын шынайы әрі үздік бейнелеген өлеңі ретінде «Сегіз аяқты» атауға болады.  Өлеңнің мазмұны мен мақсатына ерекше зер салған сегіз жолдан тұратын шумақта, заманының кеселді, кесапатты жақтарын әшкерелейтін ақын, соңғы екі жолды түиінді ойға құралған афоризммен аяқтайды. Мұхтар Әуезов – «Сегіз аяқ» ұлы ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында тұған үлкен бір белдей әрі мол, әрі бар жағынан көркем келісті шыққан зор шығармаларының бірі»-деп өз бағасын берген.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ
Күлкішіл керден наданның.
Көп аитса көнді,
Жұрт аитса болды-
Әдеті надан адамның- деп ұлы Абай өз өлеңдерінде өз заманының қасіретін – білім, өнер іздемей, өтірікпен өсек қуған, байлық пен мансапты қуған замандастарының кейпін, қарапайым халықтың ауыр тағдырын «ел ағаларының» болмысын шынайы бейнелейді…
 Абайдың:
Құйрығы – шаян, беті адам,
Байқамай сенбе құрбыға.
Жылмаңы сыртта, іші арам,
Кез келер қайда сорлыға, – деген өлең жолдарында жағымпаз, екіжүзді, пасық, адамдарды суреттейді. Мұндай қылыққа үйір адамдар қандай амал-айламен болсада, соның ішінде, өз басының қадір- қасиетін аяққа таптау, құлша құлдық ұру, өтірік ант-су ішу арқылы өз пайдасы үшін басқаны алдап, қолға түсіруді ғана ойлайды.
Абайдың 1880-ші жылдардың аяғына қарай жазған бірсыпыра өлеңдерінде сатиралық сипат басым. Заман шындығы мен замандастарының бойындағы сорақы мінездерді ақын енді жекелеген нақты адамдардың – ел билеушілердің образдары арқылы айқын бейнелеп береді. «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінеки» өлеңін ақын Күлімбай болысқа арнаған. Өлеңдегі формалық жаңалық – ақынның болыстың өзін сөйлетуі, оның өз сөзі – монологы арқылы жағымсыз тұлғасын айқындауы. Ә дегеннен:
Болыс болдым мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап, – деп өзінің әкімдікке қалай жеткен тиянақсыз тірлігін айтудан бастаған болыстың сыры одан әрі сұрықсыз, жеккөрінішті қасиетттерімен толыға түседі. Өлеңді оқып шыққанда көз алдыңа озбыр, екі жүзді, мақтаншақ, өз құлқынының құлы болған әкімнің әлеуметтік портреті келеді.
Абайдың жүз жетпіс бес жылдық мерейтойында Мұхтар Әуезовты еске алмай, айналып өте алмаймыз. Мұхтар Әуезов бар саналы ғұмырын ұлы Абайға арнаған. Содан да ел арасында, «Абайды, Абай еткен Мұхтар, Мұхтарды, Мұхтар еткен Абай» -деген сөздер жиі айтылады. Қазақтың «кертартпалығы» Абай романының өз елімізде шығуына кедергі болды.
«Абай бай баласы, ірі феодал Құнанбайдың баласы, ал Мұхтар Әуезов феодалистік көзқарастағы жазушы» – деген пікірлер қарша борады.
Мұхтар Әуезов, « Абай жолы» роман-эпопеясын  Мәскеуде қорғап, сол жақта кітап етіп шығарды. «Абай эпопеясы» атанған алғашқы екі кітабына КСРО мемлекеттік сыйлығы 1949 жылы, ал 1959 жылы «Абай жолының» төрт томына Лениндік сыйлық берілді.  Мұхтар Әуезов бірде «Абай – мұхит, мен мұхиттың бетін ғана қалпыдым, ал қалғаны келешектің еншісінде» деген екен. Бұдан кейінгі жерде «мен Абайды жатқа білемін»- деуге ешкімнін де дәті жетіп айта алмас. Ендеше, біз Абайды күнде бір рет оқысақ, өлеңдерін жатқа білсек Абай әлеміне барар жолдамыз… Соған тәубе, шүкіршілік етейік.
Адамзат – бүгін адам ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең  өзің қайдасын білемісің,
Өлмек үшін келгесін ойла, шырақ.
Абайдың бұл өлең жолдары өмірдің жалған екенін, имандылыққа, тәубеге келуге шақырады. Адамдықтан айрылмаймын деген адам осы өлең жолдарын естен шығармағаны жөн.
Анар БАТЫРХАНОВА,
аграрлық колледждің кітапхапшысы.
Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...