ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Posted by: Қалмұрат
in Жаңалықтар
15/12/2020
12 Views
Аудан орталығы болғанына 2 жылдан асқан Мырзакент кенті күн сайын құлпырып келеді. Кентте ескірген нысандардың барлығы да қайта жаңарып, үлкен құрылыс нысандары бой көтеруде.
Ауданға алғаш әкім болған Бақыт Асанов Мырзакентті құрылыстың ордасына айналдыратын боламыз деген еді. Міне, бүгінде аудан тұрғындары аудан басшысының бұл сөзіне көз жеткізді.
Мырзакенттің көркіне көрік қосатын нысандардың бірі – Даңқ аллеясы. Аудан басшысының бастамасымен С.Қожанов көшесі бойындағы мәңгілік алау ескерткішін қайта құру үшін бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралып, мердігер «Таймас company» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалап, кейбір орын алған кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты басшыларға ескертулер жасады. Аталған нысанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 17 адам жұмысқа орналасқан екен.
Қазіргі таңда мәңгілік алау ескерткешін әрлеу жұмыстары жүргізіліп, ротонда құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, 2948 м2 тротуар плиткалары, 23 дана орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылып, кіреберіс қақпасының құрылысы жалғасуда.
Аллеяны қоршау жұмыстары да жүргізіліп, 140 дана шырша, 18 дана туя ағаш түптері егілді. Бүгінгі таңда автотұрақ орны мен 2 дана су бұрқақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
"Таймас company" ЖШС Аудан орталығы Бақыт Асанов бюджеттен 137 миллион теңге қаржы қаралған Даңқ аллеясы Мырзакент кенті 2020-12-15