ТІЛ –МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТІРЕГІ
Posted by: Қалмұрат
in Қоғам
17/12/2020
14 Views
Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тіл тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Кез-келген елдің мемлекет болып қалыптасуы үшін ең басты алғы шарттарының бірі – сол мемлекеттің тілі болуы қажет. Себебі, тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен мен болашағының айқын көрінісі болып табылады.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі және де ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі саналады. Біздің тіліміз әлемдегі ең бай, ең әуенді тілдердің бірі. Қазақ қазақ болғалы бірге жасап, ананың сүтімен, атаның күшімен , ұлан-ғайып даланың бар сұлулық нәрімен, ұлттық қасиетімізге сіңген –ұлы тіл.
Өз ұлтының болашағын ойлаған ел бар күшін тілін сақтауға жұмсайды.
Елбасы 2017 жылғы 2 сәуірдегі «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғыру идеясын текке көтерген жоқ. Рухани жаңғырудың бір бағыты – қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшір. Яғни, қазақ жазуында үлкен реформа болғалы тұр. Бұдан еш үркудің қажеті жоқ. Тек таңба ауыстыру арқылы қазақ тілі өзінің төл табиғатын сақтап қалады. Өрескел бұзылып бара жатқан қазақ тілінің сөйлеу нормалары қалпына келеді. Шетелдік кірме сөздер қазақ тіліне бейімделіп айтылатын болады .
Аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ұжымы – 2020 жылғы 9 қарашада ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында мақұлданған латын негізді қазақ әліпбиінің нұсқасамен таныстыру, насихаттау жұмыстарын үздіксіз жүргізуде
Қазірше сабақтарымыз, семинарларымыз карантиндік шараларға байланысты онлайн фарматта өткізіліп жатыр. Бұйыртса шектеу шаралары бітіп, кәдімгі толыққанды жұмыс тәртібіне өткеннен кейін үгіт-насихат жұмыстары кеңінен жүргізілетін болады.
Тановар ТАСТАНБЕКОВА,
Мақтаарал аудндық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» басшысы.
«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы Мемлекеттік тіл Ұлттық мақтаныш 2020-12-17