Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » РУХАНИ МӘДЕНИЕТ

РУХАНИ МӘДЕНИЕТ

Мәдениет деген ұғымның бүгінгі таңда аясы өте кең. Сондықтан да болар, мәдениет ұғымының көптеген анықтамасы бар. Себебі мәдениет ұғымы жалпы философиялық ұғым саналады. Ол латынның «coltura»- «мәдениет туралы» деген сөзінен шыққан.
Былайша айтсақ, мәдениет – кез-келген халықтың шығармашылық рухани ізденісі, халықтың даналық, адамгершілік нышаны. Сондай-ақ, ол заттың қажеттілігін, пайдалығын, әдемілігін, ыңғайлығын үйретеді.
Мәдениеттің екі формасы бар. Мамандар оны шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Мысалы, азық -түлік, киім-кешек, үй жиһаздары және т.б. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет  жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Оған – ой-өріс, сана-сезім, білім, адамгершілік, салт-дәстүр жатады. Бұндай айырмашылықтарға қарамастан ол екі форма біртұтас дей аламыз. Екеуін бір-бірінен ажыратуға немесе бөліп қарауға болмайды.
Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі  материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
Бұрынғы КСРО халықтарының рухани мәдениетінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер сол кезеңдегі Кеңестік этнографтардың басты назарында болды. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында «колхоз» тақырыбына байланысты бірқатар еңбектер жарық көруі, отандық тарих үшін елеулі оқиға болды, себебі бұл жұмыстардың арасында біздің республиканы да қамтып өткен бірнеше ұжымдық зерттеулер бар еді. Сосын 1990 жылдардағы «дүрбелең кезең мәдениеті» келді…  Ал бүгінгі күнде Тәуелсіздікке қол жеткізген кезде – ұлттық мәдениетіміз, оның ішінде рухани және материалдық құндылықтарымызды өзіміз зерттеудеміз. Ал бұл түсіне білгенге үлкен қуаныш. Сол қуаныштан бізді ешкім айырмасын.
Перизат ТУЗЕЛОВА,
Мақтаарал ауданы, Есентаев аулындағы
№12 кітапхананың меңгерушісі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...