Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» туралы бастамасы – елімізге оң өзгеріс алып келді. Оның ішінде еліміздің бас партиясы «Nur Otan» тұрғындардың талап-тілектеріне ұдайы назар аударып, мәселесі бар тұрғындарға тұрақты қабылдау өткізіп келеді.
– Міне, партиямыздың бастамасымен мен де аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Қабылдауыма келгендердің басым бөлігі көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар екен. Солардың бірі – көп балалы ана Зухра Исмойлова. Жалдамалы пәтерде тұратын анаға ең бірінші жер және үй кезегіне тұру керектігі жөнінде кеңесімді айтып, мәселесін шешу үшін хаттама түздім. Алдағы уақытта тиісті сала мамандарымен жұмыс жүргізетін боламыз-дейді Түркістан облысының мәслихат депутаттығына үміткер Нұргүл Пердебайқызы.Жалпы алғанда Н.Абдразақова ханымды көпшілік өз ісінің білікті маманы ретінде жақсы таниды. Ол басшылық ететін аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы ауданымыздың орта және шағын бизнесін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келуде.