Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: МЕКТЕП САНЫНА ЕМЕС, САПАСЫНА МӘН БЕРУІМІЗ КЕРЕК - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: МЕКТЕП САНЫНА ЕМЕС, САПАСЫНА МӘН БЕРУІМІЗ КЕРЕК

ТАЛҒАТ НӘРІКБАЕВ: МЕКТЕП САНЫНА ЕМЕС, САПАСЫНА МӘН БЕРУІМІЗ КЕРЕК

Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM платформасында Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің білім сапасы талқыланды.
Елордада 2010 жылы 74 мың оқушы болса, қазір оның саны 193 мыңға жетіпті. Алайда мектеп саны сәйкесінше 2,5 есеге көбеймеген. Нәтижесінде бүгінгі күннің өзекті проблемасы — үш ауысымда оқу мәселесі туындап отыр дейді Нұр-Сұлтан қаласы №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы.
         «Статистика жүргізу бар мәселені ашып береді. Елордада 90 мемлекеттік мектеп бар. Оның  10-15%-ында ғана 1200 бала оқып жатыр. Қалғандарында оқушы саны нормадан артық. Мұндай жағдайда сапалы білім қайдан болсын» – дейді Аятжан Ахметжанұлы.
         Орта білім сапасымемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі екенін айқындай келе, KAZGUU-дің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев мектеп санын арттыру білім сапасы мәселесін шешпейді деген пікір білдірді.
         «Нұр-Сұлтан қаласында мектептер жақсы қарқынмен салынып жатыр. Нұр-Отан партиясының жоспарында да мектеп құрылысы негізгі санатта. Бірақ алдымен мектеп санына емес, сапасына мән беруіміз керек. Біздің елде бірдеңенің сапасы жайлы әңгіме болса, бірден құрылыс бастау жайлы шешім шығады. Алдымен ол мектептің мұғалімдері мен директорының білімін қадағалап, айлығын көтеру керек. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұғалімдердің жалақысын көтеріңдер дегенге жаппай көтердік, бірақ директорлардікі сол қалпы. Директордың жалақысы 150 мыңның көлемінде, ал қарамағындағы мұғалім 200-220 мың айлық алуда. Ал ол мұғалімдерді жұмысқа қабылдайтын кім? Директор. Жемқорлық осы тұста пайда болады. Әкім де директордың айлығын көтере алмайды. Өйткені Қаржы министрлігі бекіткен «сетка» бар»,- деді Талғат Нәрікбаев.
         Осы тұрғыда тікелей эфир модераторы Ерболат Мұхамеджанның «Елордалық мектеп директорларының жалақысын көтерудің қандай жолдары бар?» деген сұрағына Нұрмұхамед Досыбаев жауап берді.
 «Әкімдік директорлардың жалақысын көтеру үшін мектептер «Мемлекеттік мекеме» емес, «Құқықтық мемлекеттік кәсіпорын» санатына өтуі керек.  Егер мектеп шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелсе, директорларға үстемеақылар мен қосымша ақыларды өз бетінше белгілеуге құқылы»,- дейді Astana Garden School мектебінің негізін қалаушы Нұрмұхамед Досыбаев.
 ҚР БҒМ ҚАРАСТЫ ADAL BILIM ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...